«Шырақшы» «Шалдан» өзгерек

0 55

23 қаңтардан бастап жалпыұлттық прокатқа белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі жол тартты. Әлемдік тұсаукесері былтырғы маусым айында ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалі аясында өткен кинотуынды қарт майдангердің тағдыры туралы сыр шертеді.Режиссерге бұл фильм идеясын киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Меңтай
Өтепбергенов ұсынып, бас кейіпкер бейнесін сомдауға да бейіл болған еді. Алайда айтпай келетін ажал дегеніне жеткізбеді. Е. Тұрсынов түсірілім жұмыстарын бастағанда өзінің «Шал» фильмі арқылы жалпақ жұртқа танылған Ерболат Тоғызақовқа басты рөлді берем деп ойлады. Алайда ол ойынан бас тартып, көп жыл өнерден қол үзіп кеткен Мұрат Мұқажановты бекітті.
Трагедиялық және комедиялық көріністерге толы туындыда сонымен қатар бас кейіпкер дәм-тұзы жараспаған жесір әйел бейнесін Ресей халық әртісі Нина Усатова ойнайды. Майдангердің жастық шағын Қуат Тілеубаев сомдайды. Былтыр Анапада өткен «Киношок-2019» фестивалінде Марат Мұ­қажанов пен картинаның операторы Мартин Сеченовтің үздік жұмысы жүлде иеленді. Ал Сочидегі кинофестивальде бұл фильм мен Нина Усатова марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + nine =