Шыңғысхан шежіресі

0 21

Ел астанасында мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Ержан Исақұлов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Оразбай Зарипбайдың «Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті.Іс-шараны «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «Түркі әлемінің генезисі» және «Архив-2025» арнайы жобалары аясында ұйымдастырды.
Кітапта XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-дин Али Йаздидің «Зафар Нама» және Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармаларынан түркі тайпаларының пайда болу уақыты туралы жаңа мәліметтер келтірілген. «Баршаңызды Шыңғыс хан туралы кітаптың тұсаукесерімен құттықтаймын! Кітапта ұлы ханның шежіресі, туған жері туралы зерттеулер, ғалымдардың топографиялық жазбалары және Шыңғыс хан мен оның жақындарының жерленген орны секілді өзге де мәліметтер көрсетілген. Айта кету керек, зерттеу барысында бүгінге дейін қазақ тілінде жарияланбаған «Жамиғат-ат тауарих» еңбегі аударылды» деді кітаптың авторы Оразбай Зарипбай.

Тұсаукесер рәсіміне мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында ұлттық тарихты насихаттау. Сондай-ақ түркі халықтарының тарихи және мәдени құндылықтарын дәріптеу.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =