©2020 Астана Ақшамы
Шымкентте Астана даңғылы Назарбаев даңғылы аталатын болды
Астана даңғылын Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы шешімді облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қолдады.
Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов кезекті сессияда қаладағы облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс түсірді.
Ұсынысты облыстық мәслихаттың депутатары бір ауыздан қолдады деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.