ШЫМ ҚАЛАНЫҢ ШЫРАЙЫ

0 194

Шымкент қаласының мерейлі мерекесіне орай ұйымдастырылған пресс­­-тур аясында респуб­ли­ка­лық БАҚ-тың бір топ өкі­­­лі қарашаның басында­ шы­райлы шымқалаға ­ат­тан­дық.
Әр төбесінің, әр тасының тари­хи маңызы бар шежіре­лі қала­дағы көзбен көріп, кө­­­ңіл­ге түйгендерімізді қо­йын дәптерімізге түсіріп ­қай­т­тық…

*   *   *

Шымкенттіктердің аузында жиі айтылатын қанатты сөз бар: «Адамға өмір бір-ақ рет беріледі, оны жанға жайлы Шымкентте өткізу керек» деген. Бұл сөздің шығу тарихын әркім әртүрлі  айтып жүр. Бірі оңтүстікке жасаған сапары кезінде Елбасының өз аузынан естідім десе, енді бірі, облысты тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басқарған Марс Үркімбаев, Зауытбек Тұрысбековтер айтқан деседі.  Енді біреулер бұл сөздің авторы Қазақстан Үкіметінің алғашқы басшысы, еңбек жолын осы өңірден бастаған Сергей Терещенко екеніне шүбә келтірмейді. Кім айтса да, тегін айтпаған болар.
Ел аузында, Оңтүстік — түгін тартсаң майы шығатын, қойнауы қазынаға толы, жоқтан бар жасайтын еңбекқор халқы, бай тарихы бар, ұлттың рухани алтын бесігі саналатын киелі мекен аталады.
Қашан келсең қазаны бұрқырап, самаурыны қайнап  тұратын қала бұл жолы да қонақжай қалпынан жазған жоқ. Астана мен Алматыдан келген журналистерді әуежайдан аяғын жерге тигізбей күтіп алды. Үш күнге созылған сапарымызда басшысы да, қосшысы да жанымыздан табылды.

Бәйдібек бидің басында

Арнайы дайындалған бағдарлама бойынша алғаш аялдаған жеріміз Бәйдібек бидің ескерткіші болды. «Южный Казахстан» облыс­тық қоғамдық-саяси газеті редакторы­ның орынбасары  Кеңес Исмаилов ағамыз жол бастап келеді. Өзі кәсіби гидтен кем емес екен. «Жергілікті тарихты Кеңес ағадан артық білетін адам аз» дейді жергілікті билік өкілдері. Әңгімешіл кісі. Тыңдап оты­рып, тірі энциклопедияның өзі ме­ дерсің.

Таяуда ғана тұғырына қондырыл­ған Бәйдібек бидің мүсіні еліміз бойынша ең биік нүктеде орнатыл­ған ескерткіш саналады. Шығыс зерттеушілерінің жазбаларын­да оны Қазақ хандығының құры­луын­да ерекше орны бар ежелгі Үйсін бір­лес­тігіне кіретін Албан, Суан, Ду­лат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түп­ атасы деп көрсетеді. Өз за­ма­­­нын­­да көшпелі елдің басын бі­­рі­к­­­­тіріп, елді, жерді сыртқы жаудан қо­р­ғаған қолбасшы, ақылман ре­тінде көзге түскен аса ірі тарихи тұл­­ға деп жа­­зы­лады.

Ескерткіштің тұғыры 9 метр, мүсіннің биіктігі 10 метрдей,  орна­тыл­ған нүктесі қаладан 200 метр жо­­ға­рыда жатыр. Ескерткіштің жа­ны­на көтерілген жанға бүкіл шаһар ала­қандағыдай көрінеді екен.

– Енді үш жылдан кейін келсеңіз­дер, қала күні мерекесін мына тұс­та­ бой көтеретін жаңа әкімшілік орта­лы­ғында дүрілдетін тойлайтын боламыз, – деді, Кеңес ағамыз ерекше мақ­та­нышпен қаланың солтүстігін нұсқап.

Астана даңғылының айшықтары

Қаланың биыл бекітілген бас жос­­­­пары бойынша Астанамен ат­тас­ даңғылдың бойында қаланың жа­ңа іскерлік орталығының негізі қала­нып жатыр екен. Аталған аумақта кітапхана, театр, көрме кешені, кино-концерт залы, облыстық әкі­м­­­дік­тің ғимараты, 5 мың адам сия­­тын мешіт,  9-10 қабатты тұрғын үй­­лер, бизнес орталықтары, мектеп, балабақша, өзге де  сәулетті ны­сан­­дар бой көтермекші. Алдағы 3-5­ жыл­да жаңа әкімшілік орталық қа­­ла­­ның ең көрікті орындарының бі­рі­­не ай­нал­мақ.

Батыс Қытай-Батыс Еуропа тран­зит­тік дәлізі қаланың осы бөлігінен өтеді. Болашақта жаңа әкімшілік ау­­мақ­­та «Шымкент-2» теміржол вок­­­­за­лы бой көтереді деген жоспар да­ бар.

Қала әкімі Қайрат Молдасейі­тов­тың айтуынша, Бас жоспарға сәйкес қалаға іргелес жатқан үш ауданның бірқатар елді мекендері қосылып, қа­зір­гі 40 мың гектар аумағы 117 гектарға ұлғаймақшы.

Кезінде қаланың қазіргі бөлігі 600 мыңдай тұрғынға шақтап салынған екен.  Алайда, ресми дерек бойынша, биылдың өзінде халық саны 650 мыңға жетіпті. Ал, бейресми деректер мұнда миллионнан астам адам тұратынын көрсетіп отыр. Демографиялық жағынан бір де бір­ облыс ілесе алмайтын Оңтүстік Қазақстан облысының халық саны күн санап көбеюде.

Еліміздегі әрбір үшінші бала оң­­түс­­тікте дүниеге келеді. Былтыр тек­ Шымкент қаласының өзінде  67 мың  бала дүние есігін ашып­ты.­ Қа­ла әкімінің орынбасары Ба­ха­­­дүр Нарымбетов шаһардағы бір­ жылғы туу көрсеткішінің облыс аумағындағы бір ауданның халқы­мен пара-пар екенін айтады. Демек, жыл сайын қалаға кем дегенде бір ауданның халқы қосылып отырады деген сөз, бұл. Биыл 8 мың оқушы мек­теп бітіріп, жаңа оқу жылында 14 мыңнан астам бала мектеп табал­дырығынан аттаған.

Тарихқа тағзым

Соңғы жылдары Шымкентте­ Би­­з­­­нестің әлеуметтік жауапкер­ші­лі­гі аясында қаладағы 20-дан ас­там кә­сіпорынның қаржысы есе­бі­­нен бірнеше тарихи орындар жаңа­р­­­ты­лып, жаңадан нысандар бой кө­­те­р­ген.

Сондай нысанның бірі «Қасі­рет» мемориалы деп аталады. Күні кеше­ге дейін мемориал орналасқан сай­­ ел­ ау­зын­да «Ал­бас­ты­сай», «Қа­йт­­пас»­ деп ата­лып­ ке­ліп­ті.­ Жер­­гі­­­лік­­ті кө­не­көз­ қариялардың ай­­туын­ша, қуғын-сүргін жылдары­ НКВД-ның жендеттері осы сай­ға айдап әкеткендердің бірде-біреуі кері қайтпайтын көрінеді. Күн­ ұясына батысымен сайдан шыға­тын тарсылдаған мылтық даусы бүкіл­ қаланы жаңғыртып тұрады екен. Зұлмат жылдары Оңтүстік Қа­зақ­стан облысынан 7 мың адам тұт­қын­далып, олардың үш мыңға жуығы оққа ұшады. Тәуелсіздік ал­ған­нан кейінгі жылдары мұнда ме­мо­риал орнатылады. Іші киіз үйді, сыртқы көрінісі аспаннан түскен найзағайды бейнелейтін сая­си қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы ашылады.

Қаладағы тағы бір тарихи нысан – «Даңқ» мемориалы.Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында салыныпты. Кешеннің ортасына «Жұлдыз» ескерткіші орнатылып, айналасындағы гранит қа­­быр­ғаға облыстан шыққан  Ке­ңес­ Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған. Одан әріректегі тақтай­шалар­да оңтүстіктен соғыс­қа ат­­­­тан­­­ған 140 мыңға жуық май­дан­­­гер­­­­дің аты-жө­ні тас­қа қаша­лып­ты.­ Мемориалға жақын маң­да Ау­ған­стан соғысында опат бол­ған жа­уынгерлердің құрметіне ар­­нал­ған әскери техникалардың ашық аспан астындағы мұражайы орна­лас­қан.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған тағы бір нысан –  Төле, Қазыбек және Әйтеке би көшелерінің тоғысқан тұсындағы «Тәуелсіздік» саябағы. 8,2 гектар аумақта “Ел бірлігі” монументі, “Тәуелсіздік шежіресі” аллеясы орналасқан. Онда еліміздің әр жылдардағы тарихи оқиғалары мәрмәр тасқа ойып жазылған. Саябақ  “Алтын көпір” арқылы елі­­міз­дің картасы бейнеленген  Мемлекеттік рәміздер алаңымен жалғасып жатыр. Мына қызықты қараңыз, журналистер тобы алаңға келген сәтте шайдай ашық аспан төрінде дәл Қазақстанның картасын бейнелейтін шөкімдей бұлт пайда болды. Жол бастаушымыз бұл орынның тегін жер емес екенін айтып қалды. Саябақтың орнында кезінде аса ірі сауда, әлеуметтік-экономикалық және мәдени орта­лық саналған ежелгі шым қала ор­на­ласқан екен.

Жасыл желегі жайқалған жер

Шымкентте көзі тірісінде аты аңызға айналған тұлғалар бар. Солардың бірі – Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, кезінде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Асанбай Асқаров. Оның Оңтүстік Қазақстан облысын өркендетудегі ізгі тірлік­терінің ізі аттап басқан сайын сай­рап жатыр. Қаладағы Хайуанат­тар бағы, жасанды «Тұлпар» кө­лі Асқаровтың тұсында халық игі­лі­гіне беріледі. 1979 жылы осы кісінің тікелей бастамасымен қала сыртындағы күл-қоқысқа толып, шаңы аспанға шығып жатқан 117 гектар жер игеріліп,  Дендросаябақ салынады.

Саябаққа Кеңес Одағының әр­ түк­пі­рі­нен әкелінген ағаш тұқым­дары отырғызылады. 1985 жылдары­ жазықсыз жаланың құрбаны болып, түрмеге жабылған кезде ап­тал­ азамат артында қалғандарға осы­ саябақтың тағдырын ерекше аманат­тап тапсырған деседі. Алайда 1990 жылдардың басындағы эко­номикалық тұрақсыздық пен құлдырау кезеңінде саябақтың күйі кетеді. Тек, былтырғы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша бюджеттен қаржы бөлініп, саябақты қал­­пына келтіру жұмыстары жүр­гізі­ліп, өңі кірді.
Дендросаябақта 600-ге жуық ағаш түрі бар екен. Балқарағай, самырсын, магнолия, тіпті атауын бұрын естіп білмеген ағаштың түр­-түр­ін кездестіресіз. Біразын таны­мал тұлғалар отырғызыпты. Мың­нан­ астам ағашы бар сол сая­бақ­тың қақ төріндегі Қонаевтың қолы­мен отырғызылған алып бәй­терек ерекше көзге түседі екен. Екі адам­ның құшағы әзер жететін ағаш қазақ­тың біртуар ұлының алып тұлға­сын елестеткендей.

Өнеркәсібі өрлеп тұр

Шымкент – өнеркәсіпке бейім қала.
Қаладағы ең көне кәсіпорын – «Химфарм» зауыты сонау ХVIII ғасырдың соңында цех болып ашы­лады. Цехта дерменеден ішек құр­тын емдейтін дәрілер жасалып,­ сол кездің өзінде Еуропаға экспорт­тал­­ған деседі. Кейіннен Лениннің бұй­ры­ғымен цех «Химфарм» зауыты бо­лып құрылады. Қалада бұдан өзге тері өңдейтін цехтар, диірмендер де көп болыпты.

Кеңес заманында Шымкентте ірі­-ірі­ үш өндіріс орны жұмыс іс­тей­­ді. Олар – фосфор, шина жасау және қорғасын зауыты бола­тын. Бүгінде фосфор мен шина зауы­ты­ның аумағында индустриялды­ ай­­мақ құрылған. Ал қорғасын зауыты­ның жұмысы күн сайын жанданып келеді. Нарықта зауыттың өндір­ген қорғасынына сұраныс өте жо­ға­ры. 30-шы жылдары КСРО-да­ғы өндірілген қорғасынның 70 пайызы, соғыс жылдарында жауға атылған 10 оқтың 7-еуі Шымкент қорғасын зауытында өндірілгенін біреу білсе, біреу білмес.

Қазақстандағы мотор майын шы­ға­ратын алғашқы зауыт та­ жақында Шымкентте іске қосылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған «Hill»­ корпорациясының жаңа кәсі­порны мотор майларын өндіру­де әлемдегі қазіргі заман талабына сай зауыттар қатарына қосылды. Мұнда жылына 70 мың тонна өнім шығарылады.

Отандық көліктер ойқастап жүр

Мемлекет басшысының ше­тел­­дік қымбат көлікке құмар шенеу­ніктерді қатты сынағаны бар. Олар­дың бұл ісін мәдениетсіздікке,  са­уат­­сыз­дыққа, еліктегіштікке ба­ла­­ған болатын. Отандық машиналар­ды сатып алу үшін Үкіметке арна­йы­ тапсырма да берген. Бірақ, бұл­ айтылғандардың шымкенттік ше­неу­нік­терге қатысы жоқ. Қала­ әкімі Қайрат Молдасейітов бас болып өзіміздің Өскеменде құрас­тырыл­ған «Киа Каденза» көлігін тізгіндепті. Бұл үрдістен соңғы кезде өзге де шымкенттік шенеуніктер үлгі алып жүр.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =