«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН – ЕЛІМІЗДІҢ «АЛТЫН ТӘЖІ»

0 951

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атап өткендей, Шығыс Қазақстан – еліміздің інжу-маржаны, алтын тәжі. Бұл өңірде өндіріс те, ауыл шаруашылығы да, туризм саласы да өркен жайған.  Абай, Шәкәрім, Мұхтар дүниеге келген ұлылар мекенінде руханият пен өнер саласы – әрдайым айрықша назарда. 

ӨРКЕНДІ ӨНДІРІС

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасына сомасы 1,2 триллион теңге болатын, 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 82 жоба енгізілген. Ал Индустрия­ландыру картасының іске асырылуынан бастап 236 миллиард теңгенің 48 жобасы жүзеге асырылды, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы 435 тұрақты жұмыс орны құрылатын 5,5 миллиард теңгенің 7 жобасын енгізу жоспарланып отыр.

med
Тәуелсіздік жылдарында жаңа инно­вациялық өндіріс орындары іске қосылды, оның ішінде «Қазцинк» ЖШС-нің катодты мыс, «Өскемен ТМК» АҚ-ның және «Посук Титаниум» ЖШС-нің титан құймалары мен қорытпаларын шығару бойынша зауыттары бар. Жылына 100 мың тонна катодты мыс өндіретін әлемдегі ең ірі Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы жалғасуда.
Автомобиль құрастыру саласы Шығыс экономикасының жаңа тұғырына айналуда. Өңірде жеңіл автокөліктерді – «Азия Авто» АҚ, жолаушы автобус­тарын – «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, тракторлар мен жүк көліктерін – «Семаз» ЖШС құрастыру зауыттары жұмыс істейді. Салынып жатқан қуаттылығы жылына 120 мың автомобильді құрайтын «АЗИЯ-АВТО ҚАЗАҚСТАН» жаңа алпауыт зауыты ірі өндірістер кешеніне ие болады.
Шығыс Қазақстан жерінің орасан мол байлығы құрылыс индустриясын елдегі алғашқы шепке шығаруға мүмкіндік береді. Аймақтағы үшінші «Қазақцемент» цемент зауыты іске қосылғаннан кейін Шығыс Қазақстан жылына 4 миллион тоннадан астам түрлі маркадағы цемент шығару, сан алуан тапсырыстарды осында орындау қабілетіне ие болды. «Восток-Универсал» ЖШС заманауи минералды мақта бұйымдарын, «Мелисса» ЖШС республикадағы алғашқы OSB-плиталарды шығарады. «ЭКСПО» нысандары құрылысының өңірлік жеткізушілері тізіміне бірқатар шығысқазақстандық кәсіпорынның енуі кездейсоқ емес, олар цементті, тас мақталарды, гипсті, полиэтилен құбырларды, пленкаларды, өрттен қорғау компо­зицияларын жеткізуге тапсырыс алды.
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан әлемдік қауымдастыққа жылына шамамен миллион тонна мырыш, титан, мыс, қорғасын, магний, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар экспорттайды. Ал жылдық жалпы аймақтық өнім екі триллион теңге шамасынан асты. 2016 жылдың алғашқы тоқсанында да жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 15 пайызға ұлғайып, 590,6 миллиард теңгені құрады.

СИЫРЛАРДЫ РОБОТПЕН САУАМЫЗ

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі осы кезеңде – 99 миллиард теңге, өсім 112 пайызды құрайды. 100,1 тонна тірі салмақтағы ет (өсім – 6,9 па­йыз), 388 мың тонна сүт (ұлғаю – 4,5 пайыз) өндірілген. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 700 субъектіге артып, 101,6 мыңды құрады.
Шығыс Қазақстан сүт, ет өндіру бойынша елімізде дәстүрлі түрде алдыңғы орындарды алады. 2015 жылы әр шығысқазақстандыққа облыс кәсіпорындары 85 келіден астам ет, 500 келіден астам сүт өндірген. Өңірдің мүмкіндіктері бұдан бірнеше есе көп. Сондықтан аграрлық сала еңбеккерлері алдына жаңа жауапты міндеттер қойылып отыр. Бүгінде 28 тауарлы сүт фермасын қайта құру және 9 сондай жаңа ферма салу бойынша 2015-2017 жылдарға арналған бағдарлама толық көлемде іске асырылып жатыр. Бұл сауынды сиырлар санын 12 мыңға дейін, ал сүттің жылдық өндірісін 21 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тағы бір резерв – жекеменшік қосалқы шаруашылықтардан сүт сатып алуды ұйымдастыру. Бүгінгі таңда 36 заманауи сүт қабылдау бекеті жұмыс істейді, олар бірінші жартыжылдықта тұрғындардан 8700 тонна сүт сатып алған.
Шығыс Қазақстан 30 мың бастан астам етті қазақтың ақбас сиырына ие бола отырып, етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда көшбасшылардың бірі болып табылады. «Бобровка+» ЖШС-де және Зәйтеновтің шаруа қожалығында елімізде тұңғыш рет «Робот» сиыр сауу жүйесі іске қосылған. Облыста жиналатын күнбағыстың майлы дәндерінен 150 мың тоннаға дейін күнбағыс майы өндіріледі, бұл – республика қажеттілігінің 40 пайызы.

БАЛ МЕН ПАНТЫ – БРЕНДІМІЗ

Аймақ – шипалы өнімнің көлемін 90-шы жылдардың ортасымен салыстырғанда шамамен төрт есеге көтерген және өнім өндіруді жылына 2 мың тоннадан асырған республикадағы ең ірі бал өндіруші. Соңғы жылдары тұтас марал шаруашылығының саласы ретінде пантымен емдеу қарқынды дамып келеді. Балық және ағаш өңдеу салаларын дамыту бойынша өңірлік бағдарламалар іске асырылуда. Зайсан көлінде, Бұқ­тырма, Шүлбі су қоймаларында, тоған шаруашылықтарында жылына тоғыз мың тоннадан астам жоғары сапалы өзен балығы өндіріледі. Зайсан көксеркесінің протеинге бай сүбесі Еуроодақ елдерінде тұрақты сұранысқа ие.

КЕЛІСІМ МЕКЕНІ

Қазақстан Тәуелсіздігінің бас­тауында Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Өскеменде еліміздегі тұңғыш Достық үйін ашқан болатын. Ал бүгінгі күні өңірде қоғамдық, ұлтаралық және кофессияаралық келісімді нығайту жолында 15 Достық үйі, 122 этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр. Достық идея­лары бірегей этноауылда белсенді насихатталады, онда елімізде алғашқы рет өңірде тұратын 17 этностың классикалық үй-жайы салынған.
Мұның бәрі 100-ден астам ұлт пен ұлыс достық пен келісімде мекендеп жатқан Шығыс Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Шығыс Қазақстан

ТАМЫЛЖЫҒАН ТАБИҒАТЫМЫЗ ТУРИСТЕРДІ ТАРТАДЫ

Шығыс Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті өте зор. Бүгінде облыста ұлттық маңызға ие жалпы аумағы 1 723 072 гектарды құрайтын 24 қорық, 600-ден астам тарихи ескерткіш пен 100-ге жуық туристік нысан бар.
Қазақстандық және шетелдік туристер үшін, әсіресе, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Батыс Алтай қорығы, Мұзтау, Аустриялық жол, Бұқтырма су қоймасы, Алакөл, Марқакөл, Сібе, Тайынты көлдері, Қызыл керіш каньоны, Ақбауыр табиғи-тарихи ескерткіші, «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ырғызбай ата ескерткіші сияқты жерлерге сапар шегу аса қызықты болатыны анық.
Бүгінде Шығыс Қазақстандағы туризм саласының алты негізгі бағыты бар. Атап айтқанда, экологиялық (Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласы), мәдени-танымдық (Семей қаласы, Абай және Ұлан аудандары), емдеу-сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары), жағажай (Зырян, Ұлан және Күршім аудандары), тау шаңғы (Глубокое, Зырян аудандары мен Риддер қаласы) және ауыл туризмі (Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласы).
Қазіргі уақытта облыста бұрындары көп мән берілмеген мәдени-танымдық туризмге ерекше назар аударылып отыр. Жақында Катонқарағай ауданындағы Берел жазығында ерекше мұражай ашылды. Бұл аспан асты мұражайының бір ерекшелігі – жәдігерлердің түпнұсқасы табылған қорғандардың ішінде сол қалпында сақталады. Бұл нысан да өңірге келетін туристер санын арттырары анық.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАДАҒЫ КҮНДЕРІ

Қазан айының 8-9 күндері Астана қаласында өтетін Шығыс Қазақстан облы­сы­ның күндері аясында ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдас­тырылатын болады. Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына 300 тоннаға жуық түрлі ауылшаруашылық өнімдері ұсынылмақ.

img_6710
Жәрмеңкеге облысымыздан 42 тонна жылқы, 8 тонна құс еті, 10 тонна сүт өнімдері, 7 тонна шұжық және консерві өнімдері, 30 тонна бал, 10 тонна өсімдік майы, 6 тонна қарақұмық пен осынша тонна қымыз, 8 тонна ұлттық тағамдар, 107 тонна картоп пен көкөністер, 55 тонна бақша дақылдары, 11 тонна балық, 2 тонна панта өнімдері мен балқарағай жаңғақтары апарылады. Сонымен қатар, астаналықтар «Қазцинк», «Азия АВТО», «Кэмонт», «DaewooBusKazakhstan», «СемАЗ», «Аксу Дэен» секілді өңірдегі ірі 32 кәсіпорынның өнімдерін де тамашалай алатын болады.

АСТАНАДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КҮНДЕРІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 8 ҚАЗАН
Уақыты Іс-шара атауы

 

Өтетін орны
10.00 «Бейбітшілік  пен жасампаздықтың 25 жылы» Шығыс Қазақтан облысы өнімдері жетістіктерінің көрмесі

 

«Көрме» орталығы
10.00 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үлкен жолдың кезеңі»«Этапы большого пути» фотокөрмесі Қазақстан Республикасы

Ұлттық музейі

 

10.00 «Шығыс Қазақстанның суретшілері. Уақыт портретіне штрихтар» сурет көрмесі Қазақстан Республикасы

Ұлттық музейі

 

10.00 Балаларға хоккейден шеберлік сағаты

 

«Қазақстан» спорт сарайы
11.00 «Қазақстанда жасалған» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі

 

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаң

(Ғашықтар саябағы)

11.00 Ә. Қашаубаев атындағы облыстық мемлекеттік филармонияның «Шұғылалы Шығыс» атты концерті

 

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаң

(Ғашықтар саябағы)

11.00 Шығыс Қазақстан облысының әкімі                       Д. Ахметовтың студент жастарға дәрісі Назарбаев Университетінің

бас ғимараты

11.00 «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» атты кітап көрмесі

Көрме аясында екі жобаны таныстыру рәсімі өтеді:

–         «Біздің Абай»/«Наш Абай» атты толықмәтінді электронды кітапхана

–         «Қайым Мұхамедханов» электронды библиографиялық көрсеткіш

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы

 

15.00 Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық театрының спектаклі

Ф. Достоевский «Дядюшкин сон»

 

«Жастар театры»

(Республика даңғылы 34)

 

18.00 Өскемен қаласындағы облыстық драма театрының спектаклі

К. Людвиг «Прекрасное время»

Л. Н. Гумилев атындағы                 Еуразия Ұлттық университетінің театр залы
 9 ҚАЗАН
10.00 «Бейбітшілік  пен жасампаздықтың 25 жылы» Шығыс Қазақтан облысы өнімдері жетістіктерінің көрмесі

 

«Көрме» орталығы
11.00 «Қазақстанда жасалған» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі

 

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаң

(Ғашықтар саябағы)

11.00 Ә. Қашаубаев атындағы облыстық мемлекеттік филармонияның «Шұғылалы Шығыс» атты концерті

 

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаң

(Ғашықтар саябағы)

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды