ШЫҒЫС ПЕН ҚОСТАНАЙДАН СӘЛЕМДЕМЕ

0 130

29800

Алдағы сенбіде  қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңда Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Әр аймақ елордаға өзіне тән базарлығын алып келеді.

Атап айтсақ, шығыстықтар өңірдің бренді – Алтай балы мен бұғының пантасы ағыл-тегіл болады деп отыр. Одан бөлек, 12 тонна сүт өнімдері, 8 тонна өсімдік майы, 35 тонна ет, 200 тонна картоп және басқа да көкөністер, 13 тонна шұжық өнімдері, 2 тонна балық 7,5 тонна қымыз бен басқа да ұлттық дәмді артқан керуен әне-міне жолға шығады.

Ал, қостанайлықтардың биылғы тоқшылық пен молшылық мерекесі Тың игерудің 60 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Әуелден қызыл қырман бас­­тырып, қамба толы астық жинаған, Әулиекөл сиыры, Қос­танай жылқысы сынды етті-сүтті бағыттағы, асыл тұқымды мал ша­руашылығымен аты жайылған аймақтан жәр­мең­кеге 60-қа тарта ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары қатысады. Олардың арасында «ДЭП», «Новый день», «Особа»,
«Корона», «Тэрра» сияқ­ты сау­да маркаларының өнім­дері бар. Қостанай об­лысының шаруа-диқан­дары жалпы көлемі 500 тон­надай азық-түліктен сәлем­деме жіберіп отыр.

Облыс әкімдіктерінің хабарлауынша, тауарлар базардағы бағадан 15-20%-ға арзан сатылады. Сондай-ақ, жұртшылық аймақ өнерпаздарының концертін тамашалайды.

Жәрмеңкедегі тауарлардың бағалар

Қостанай облысы

сиыр еті 950
қой еті 900-950
жылқы еті 950-1000
құс еті (үйрек, қаз, тауық) 600-700
пісірілген шұжық 420-500
жартылай ысталған шұжық 800-850
«ДЕП» сүті (1,5-2,5%) финпак 110-130
«Милк» сүті (1,5-2,5%) тетрапак 135-160
қышқыл сүт өнімдері 100-120
жұмыртқа 160
макарон өнімдері 120-130
жоғарғы сұрыпты ұн 70
бірінші сұрыпты ұн 50
нан 40
бал 1000
күнбағыс майы 220-230
картоп 45-50
сәбіз 50-60
қызылша 50-60
қарбыз 60

Шығыс Қазақстан облысы:

сиыр еті 900
қой еті 950
жылқы еті 1000
картоп 45
сәбіз 45
жуа 50
қырыққабат 40
қызылша 60
өсімдік майы 250-280
бал 950
қарақұмық 130
тары 120
бұршақ 120
сазан-судақ 600
қаймақ 900
сары май 1500
сары май (72,5%) 1300
Ірімшік 1500

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 5 =