Шығары биік «Шыңырау»

0 34

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі қаңтардың 15-і мен 31-і аралығында Болгарияның астанасы София қаласында өтіп жатқан 13-халықаралық кинофестивальге қатысуда.

Бұл туынды жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісімен түсірілген. Онда құдықшы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, адам бойындағы менмендік, бақталастық, ма­хаббат, достық, қастандық секілді жағымды, жағымсыз қасиеттерді аша білген. Фильмнің режиссері – Жаңабек Жетіруов.
– 2018 жылы жарыққа шыққан фильмнің төрт жыл қатарынан халықаралық кинофестивальдарға қатысуы өте сирек кездеседі. Бұл, әрине, қазақ прозасының шоқтығы биік шығармасы саналатын
Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі ешкімді жайбарақат қалдырмайтын ғаламат идеяны көркемдеп экранға шығару үшін тер төккен түсіру тобының жемісті еңбегінің арқасында жүзеге асып отырған жетістік деп ойлаймын, – дейді режиссер.
Фильмнің түсірілімдері Маңғыс­тау облысында өтті. Картинада басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.
2009 жылы негізі қаланған Балқан аймағындағы ең ірі байқау­лардың бірі – Sofia MENAR Film Festival кинофестивалі жыл сайын өз көрермендеріне киногерлер шығармашылығында бейнеленген ислам әлемінің мәдениеті және дәстүрімен таныстырып отырады. Фестиваль шеңберінде Таяу Шығыс, Орталық Азия жән Солтүстік Африка мемлекеттерінің ең үздік көркем, деректі және қысқаметражды туындылары көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =