Шыға беріске бекеттер қойылды

0 42

Індеттің таралуымен күресте карантиндік шараларды күшейту үшін туристік аймақтар жабылады. Демалыс орындарына баратын көлік қозғалысын шектеу мақсатында елордадан шыға беріске бекеттер қойылды. Нұр-Сұлтан қалалық полициясы тұрғындарға туристік аймақтарға барудан бас тарту жөнінде ескертеді.

Елордалық полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерімен көліктердің демалыс аймақтарына қозғалыс шектеулі екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар маска режимі мен қашықтықты сақтау ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. «Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Індетпен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайды түсініп, адамдар көп жиналатын орындар мен демалыс аймақтарына бармауы керек» деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакин.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлерінің, эпидемиологтардың, еріктілердің, жергілікті атқарушы органдардың мобильді топтары 34 карантиндік заң бұзушылықты анықтады, олардың 25-і маска кимеу мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты болса, 9-ы тыйым салынған уақытта қызметін тоқтатпаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.
Қазіргі кезде 16 мониторингтік мобильді топ жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері ойын-сауық, тамақтану орындарына, моншаға, аттракциондарға кіріп, иелеріне қолданыстағы карантин шаралары туралы ескертеді, сондай-ақ заң бұзушылықтарды анықтайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =