ШЫБЫН-ШІРКЕЙГЕ ШАБУЫЛ

0 182

Елордамызға алғаш рет көшіп келгендердің әлі де есінде болар. Бұл жердің масалары жаудай болатын. Қазіргі күні ызың еткен шыбын да, беймезгіл ұшқан шіркей де онша көп емес. Қара бұлттай қаптаған маса да көрінбейді. Дегенмен олар мүлдем жойылып кеткен жоқ. Бұл – қансорғыштардың ызыңдап мазамызды алмауын қадағалап отырған арнайы қызмет жұмысының нәтижесі.

МАСАНЫҢ ТҰМСЫҒЫ ӨТПЕЙДІ
Көктемнің алғашқы шуағымен маса біткен сулы жерлерде жұмыртқалай бастайды. Одан қалды ылғалды, жел қақпаған жертөлелердің қуыстарында да ұялайды. Осында өніп-өсіп, кейде қыстың күні де тіршілігін үзбей, пәтерлерді басып қалып жатады. Сондықтан да масалармен күрес жаз бойына олардың биологиялық өсімталдығына қарай екшеленіп, медициналық мақсаттағы инсектицидтермен өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Елордамызда сәуірдің соңғы онкүндігінен бастап қала аумағындағы кішігірім шалшықтар мен су тоғандарының айналасы түгелдей дерлік арнаулы препараттармен дәріленді. Масалардың жұмыртқаларын жою елорданың жүзден астам су тоғандарынан бөлек, қаланың шетінен 3-5 км радиусты қамтып отыр. Өңдеу жұмыстарының мерзімі мен кезеңдері энтомологиялық көрсеткіштердің негізінде жәндіктердің жаппай ұшып шығуына дейін 2-4 күн бұрын анықталады. Масаларды жою ультра-кіші көлемді себізгілер, термо және жел генераторларының көмегімен жүргізілуде. Мамандар қолданылып отырған препараттардың тиімділігіне мән беріледі. Сары масадан бөлек, ара, көбелек секілді жәндіктерді қоса жоймайтынын айтып отыр.

Мемлекеттік тапсырыс арқылы тендерді жеңіп алған «Дезинфекция» ЖММ БҚОҰ және «Столичная дезинфекция» ЖШС қансорғыштардың қалада қаптап кетпеуі үшін Астананың айналасында қорғаныс кедергісін құру бойынша да жұмыс­тарын бастап кетті. Ал сәуірдің соңынан бастап орамішілік аумақта өңдеу шаралары басталды. Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге қала бойынша 120 дезинфектор жұмылдырылған.

567

Дегенмен әкімдік жоспарлаған жұмыстардың 100 пайыз орындалғанына қарамастан, жәндіктер елорда тұрғындарына әлі де болса ыңғайсыздықтар тудыруда. Оның бір себебі – көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелердің жағдайы­на тікелей қатысты. Кейбір үйлердің жертөлесі тазартылмай, жорғалаушы және қанатты шыбын-шіркейлердің ұясына айналып отыр.

d931d4e96f7a8708c0f31d309e7

ПИК-тер неге селқос?
Масалар мен кеміргіштерге қарсы шаралардың нәтижелі өтуіне жергілікті ПИК-тердің көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен автотұрақтарында дезинсекциялық жұмыс­тарды сапасыз жүргізуі де кері әсер етіп отыр. Мына мәліметтерге сүйенсек, Сарыарқа ауданында 139 ПИК-тің (890 үй) ішінде 108 ПИК (890 үй), яғни 78 пайызы дезинсекция жүргізу туралы келісімшартқа отырған. Масаларға қарсы өңдеу шаралары 8 ПИК-те (22 үйде) жүргізілген. Сонымен бірге, 3 мамырдағы жағдай бойынша келісімшарттарға отыру ахуалы өзгеріссіз қалды (78 пайыз), бірақ 7 ПИК-те (49 үй) дезинсекциялық шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні 15 ПИК-те (71 үй) 11 пайыз өңдеу шаралары жүргізіліп отыр. Алматы ауданында 221 ПИК-тің (1084 үй) 94-і (516 үй) – 42 пайыз (5.04.17 ж. – 40 пайыз) дезинсекция туралы келісімшартқа отырды. Масаларға қарсы өңдеу шараларын 2 ПИК (3 үй) жүргізді. Есіл ауданы бойынша: 86 ПИК (208 үй) дезинсекция туралы келісімшартқа отырды – 43 ПИК (91 үй) – 49 пайыз (29 ПИК (65 үй) – пайыз 36 пайыз), «Дидар» ПИК – 2 үй өңдеу шараларын жүргізді.
Келтірілген мәліметтер елордалық ПИК-тердің дезинсекция мәселелеріне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Мұндай жауапсыздық ПИК-тер коммерциялық емес ұйым бола тұрып, ҚР ӘҚБК «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» 524-бабына жатпайтынымен байланысты болуы мүмкін. Аталған бапты бұзғаны үшін жеке тұлғалар үшін – 10, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 20, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40, ірі кәсіпкерлік субъек­тілері үшін 120 АЕК көлемінде жаза қарастырылған.
Сайып келгенде, адам өміріне қолайсыздық тудыратын қансорғыштармен күресті қадағалайтын – тұрғындардың өзі. Олар жертөледе болып жатқан жағдайды біліп, су басса құрғатып, ауық-ауық желдетіп отырылуына мән беруі керек. Олай болмаған жағдайда тиісті мамандарды шақыру қажет. Қала бойынша орта есеппен 1 шаршы метрге 25 теңгедей бағасы бекітілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, химиялық препараттардың экологиялық мөлшері айқындалып, адам ағзасына зиян келтірмеу үшін барлық шаралар қарастырылған.

Масалардың жұмыртқаларын жою елорданың жүзден астам су тоғандарынан бөлек, қаланың шетінен 3-5 км радиусты қамтып отыр. Өңдеу жұмыс­тарының мерзімі мен мерзімділігі энтомологиялық көрсеткіштердің негізінде жәндіктердің жаппай ұшып шығуына дейін 2-4 күн бұрын анықталады. Масаларды жою ультра-кіші көлемді себізгілер, термо және жел генераторлардың көмегімен жүргізілуде

– Жаз бойына 5-6 мәрте масаны жою шаралары тұрақты жүргізіліп отырады. Қала аумағын бірнеше бөліктерге бөлу арқылы жұмыстың тиімділігіне назар аударамыз. Бір маса (бір салғанда) 200-ге дейін жұмырт­қа салады. Демек, алдын алу шаралары болмаса, дес бермей кетуі әбден мүмкін. Сонымен бірге, дизенфекция жүргізілмесе, басқа да паразиттер көбейіп кетеді, – дейді Сарыарқа ауданы өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жасұлан Багисов.

Кеміргіштерден келетін кесел бар
Астанада дератизациялық шаралардың көктемгі кезеңі аяқталды. Сәуірдің 14-інен 25-іне дейін қала басшылығының тапсырмасымен елорданың жеке секторында жаппай дератизация өтті. Кеміргіштермен күрес шараларын жүргізу барысында 20 000 тұрғын үй қамтылды.Жұмыс барысында бір мыңнан астам тұрғын үйлерде кеміргіштердің ұялағаны анықталды. Қайталап өңдеу жұмыстарынан кейін бұл аймақ түгел дерлік кеміргіштерден тазартылды.

7688990

Алайда көп қабатты үйлердің жертөлелері мен автотұрақтарында жүргізілген дератизациялық жұмыстар сапасының нашарлығын айта кету керек. Бұл жұмыс бір уақытта жаппай жүргізілмей, кеміргіштердің жылы орнын тастап, басқа жерге ауып кетуіне жол беріліп отыр. Осылайша, кеміргіштерді жою­ға Тұрғын үй пәтерлері кооперативтері мән бермей отыр. Мысалы, Сарыарқа ауданында 842 тұрғын үйді қамтитын 130 ПИК-тердің 94 пайызы дератизация бойынша келісімшарттарға отырған. Алматы ауданы бойынша – 137 ПИК, ал Есіл ауданында бар болғаны 60 ПИК өз аймағында дератизация жасауға өтініш берген.
Сапасыз жүргізілген дератизациялық шаралар кеміргіштер тасымалдайтын туляремия, листериоз, лептоспироз және иерсиниоз сияқты жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін. Биылғы жылдың сәуірінде, 2002 жылдан бері, тіркелмеген листериозға шалдығудың 1 оқиғасы орын алып отыр. Сондай-ақ, кеміргіштер тістеп алған адамдар қала емханаларына барып ем қабылдаған. Демек, тұрғындар дератизацияға немқұрайлы қарамай, дер кезінде тазалау жұмыстарын сапалы атқаруға атсалысуы керек.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 8 =