Швейцариялықтар Абайды оқыды

0 15

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның Швейцариядағы елшілігі Цюрих университетінің академиялық өкілдері, ақын өлеңдерін сүйіп оқитын швейцариялықтар, сол елде білім алып жатқан қазақстандық студенттер және қазақ диаспорасының қатысуымен «Абай оқуларын» ұйымдастырды.

Бұл мәні бар шара Люцерн маңында Альп және атақты Люцерн көлімен қоршалған ескі Мегган сарайы жанында өтті. Кеш барысында Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әлібек Бақаев орыстар үшін Толстой, ағылшындар үшін Шекспир, немістер үшін Гете қалай бағаланса, қазақ халқы үшін Абай да сондай құрметке ие екендігін айтты.
Сондай-ақ Цюрих университетінің Антропология және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының жетекшісі, қазақ тілін меңгерген профессор Петер Финке Абай шығармашылығы қазақ әдебиеті мен тарихы үшін аса құнды екенін атап өтті.
Ұлы ақынның шығармашылығымен таныс қонақтары Абай өлеңдерін қазақ, француз және неміс тілдерінде оқыды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − two =