ШВЕДОВА – «FAMILY CIRCLE CUP» ИЕГЕРІ

0 112

photo_9475

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова испандық спортшы Анабель Медина Гарригеспен жұптасып, АҚШ-та «Family Circle Cup» халықаралық турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Олар тартысты өткен жартылай финалдық бәсекеде жергілікті теннисшілер Ракель Копс-Джонс пен Эбигейл Спирстен 7:5, 6:7, 10:8 есебімен басым түссе, ақтық сында тайпейлік Хао-Чин Чан және Янг-Жан Чан дуэтін 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Осы жеңістен кейін Шведова мен Гарригес 38 мың доллар ұтып, WTA рейтингісінде 470 ұпайдан иеленді. Ал, Чарльстонда өткен доданың жалпы сыйақы қоры 710 мың АҚШ долларын құраған болатын.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × two =