Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Стокгольм қаласындағы ұйымның штаб-пәтерінде Демократия және сайлауға жәрдемдесу жөніндегі халықаралық институттың (International Institute for Democracy and Electoral Assistance, International IDEA) Бас хатшысы Кевин Касас-Саморамен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Әңгімелесу барысында Елші Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның қазіргі кезеңі туралы, оның институционалдық тепе-теңдікті нығайтуға, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін дамытуға және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталғаны жөнінде ақпарат берді.
Реформаның негізгі бағыттары туралы кеңейтілген мәлімет ұсынылып, сондай-ақ Қазақстан қабылданатын өзгерістердің құқықтық айқындығы мен демократиялық легитимділігі қағидаттарына берік екенін атап өтті.
Бас хатшы жүргізіліп жатқан өзгерістердің жүйелі сипатын атап өтіп, Қазақстанның демократиялық институттарды одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігерін оң бағалады.
Тараптар институционалдық даму мен электоралдық үдерістер саласында кәсіби және сараптамалық диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, тараптардың ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.



