©2020 Астана Ақшамы
ШОМЫЛУ РӘСІМІНДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!
Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Есіл өзені жағалауында шоқынуға арналған суға шомылу рәсімі өтеді.
Астана тұрғындары қаланың екі жерінде: біріншісі – оң жағалауда орналасқан Оқушылар сарайының ауданында («Гранд Астана» ТК маңайы), екіншісі – сол жағалауда орналасқан Орталық қалалық саябақтың жанында ұйымдастырылатын рәсімге қатыса алады.
Суға шомылу кезінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, «Судан құтқару қызметі» ММ, Денсаулық сақтау басқармасы, Ішкі істер департаменті қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін кезекшілік жүргізеді.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қыс мезгілінде ашық суға ұзақ шомылуға және алкогольді ішімдік ішіп суға түсуге болмайтындығын естеріңізге салып, сақ болуға шақырамыз.
Астана қаласы әкімі аппаратының өмірді қамту және инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі