ШІЛДЕДЕГІ ШАХМАТШЫЛАР ШЕРУІ

0 108

Биылғы Астана күні мерекесін айшықтайтын айтулы шараның бірі шахматтан өтетін әлем чемпионаты болмақ. Жүлде қоры 400 мың АҚШ долларын құрайтын жарыста әлемге танымал шахматшылар бәсеке көрігін қыздыратын болып отыр.

Жарыс рапид, яғни жедел шахмат және блиц бойынша өтеді. Астана турниріне әр кезеңдерде ФИДЕ жүйесінде әлем чемпионы және жүлдегерлері болған Владимир Крамник, Борис Гельфанд, Веселин Топалов, Теймур Раджабов, Александр Грищук, Петр Свидлер, Василий Иванчук және басқа да танымал шахматшылар қатысады. Қазақстан атынан рапид жарысына Мұртас Қажығалиев пен Әнуар Исмағанбетов, ал блиц бойынша Павел Коцур мен Ринат Жұмабаев сынға түсетін болып отыр.
Әлем біріншілігінің жартылай финалы 2-4 шілде күндері, финалдық ойындар 6-10 шілде күндері өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − four =