«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шиеленісті ахуалды пайдаланбақ болды

0 122

Арыстан Шымкентке көшірілген 100-ден аса тұрғын заңсыз шеруге шықты. Олар «Бекжан» базарының жанындағы тасжолды жауып тастауға әрекеттенді.

Наразылық танытқандар Арыстағы үйлеріне қайта алмайтынын айтып, дүйімді дүрліктірмекші болды. Алайда қаладағы ахуал тұрақтанды. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек керуендері ағылып келіп жатыр. Жиналған қаражатқа жаңадан бір қала тұрғызатын мүмкіндік бар. Алайда заңсыз шеруге шыққандар шиеленіскен ахуалды пайдаланып, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан баспана талап етпекке ұмтылды. Турасын айтсақ, бұл жерде айтып келмеген апатты пайдаланып, өзінің мысықтілеу ойын іске асырмаққа ұмтылғандардың дегені болмады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды