Шетелдік көліктердің мерзімі шектеулі

0 76

Қазақстанға уақытша әкелінген автокөлік иелері «темір тұлпарларын» 30 қыркүйекке дейін елден шығаруы керек. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.Ведомствоның хабарлауынша, бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетел, яғни үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалар өз қажеттілігі үшін уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты. Аталған мерзім Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №25 шешімінде көрсетілген. Бұл шешім одақтың кеден аумағында болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімін тоқтатты. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шет ел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кеден аумағына баж алымынсыз жеке мүлігін алып келуге қатысты жеңілдік болған еді.
Комитеттің көлік құралы 30 қыркүйекке дейін шекарадан шықпаған жағдайда оның кедендік төлемдері мен салығы толық көлемде төленуі керектігін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 3 =