Шет аймақсыз шаһар

0 13

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында қаладағы аудандарды дамытуды полиорталық концепциясына көшірдік, бұл – білім беру, медицина, демалыс орындары және т.б. нысандар тұрғындарға қолсозым жерде болуы үшін жасалды.

«Алаптар тұрғындарымен кездесуде олардың спортпен шұғылдану және бос уақыттарын тиімді өткізу үшін орындар ашуды сұрады. Биыл «Өндіріс», «Көктал», «Үркер», «Железнодорожный» тұрғын алаптарында ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін тұрғызамыз. Кешендерде баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс залдарынан басқа полиция бекеті, қарт адамдарға арналған клубтар, ХҚКО және пошта бөлімшелері орналасады» деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
Елорда әкімі Мемлекет басшысының тұрғын үй алаптарын дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізіп, осы ретте елорда картасында қала тұрғындарына қажетті «жаңа тартылыс нүктелері» пайда болатынын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 4 =