Шенділер үрім-бұтағымен тексеріледі

0 20

Сенат шен-шекпенділердің алаяқтықпен жымқырған қаржысын қазынаға қайтаратын заң жобасын мақұлдады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында тез байыған жоғары лауазымды тұлғалардың оңай жолмен иеленген мүлкі тәркіленетіні жазылған.

crop-14_10_598x774_qarapajym-zattar-ekonomikasy

«Шенеуніктер жылжымайтын мүлік сатып алатын болса, оның құны шектік мөлшерден аспауы тиіс. Асып кеткен жағдайда, дереу тексеріледі. Тексерісті қаржылық мониторинг агенттігі жүргізеді. Жаңа заң жобасына сәйкес, бұрынғы басшылар, мемлекеттік қыз­мет өкілдері жұмыстан кетсе де, 12 ай ішінде мониторингтік агенттіктің бақылауында болады» деп түсіндірді заңдағы жаңалықты Сенат депутаты Ольга Перепечина.

Заң жобасында лауазымды тұлғалардың қаржы операцияларына заңнамалық тұрғыда бақылау жүргізілетіні жазылған. Бұрын олар қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарына қосылмаған еді. Жаңа норма бойынша бұдан былай салалық агенттік ұлттық жария лауазымды тұлғалардың тізімін жасайды. Бұл тізімге депутаттар, министрлер, партия басшылары да кіреді. Сот және прокурорлар да дүние-мүліктерінің маңдай термен келгенін дәлелдеуі қажет. Шенділердің тек өзін ғана емес, жақын туыстары, оның ішінде зайыбын, балаларын, бауырларын да түгел тексеру көзделіп отыр. Өйткені шенеуніктердің барлығы айласын асырып, жиған-терген қаржысын жасырып, бар байлығын туған-туыстарының атына аударатыны жасырын емес.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − five =