Шектеу шаралары кезінде бюджеттің кірісі азайды

0 80

Ағымдағы жылы, алдын ала есепке сүйенсек, жергілікті бюджет карантиннің кесірінен 59-60 млрд теңге кірістен айырылғалы тұр. Қаланың бас экономистеріне кейбір жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджет шығындарын қайта қарауға тура келді. Бұл сома 2020-2022 жылдарға арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде қалалық мәслихат депутаттарымен келісілді.Жалпы айтқанда, қалалық бюджеттің 37,4 млрд теңге шығындары оңтайландырылды, оның ішінде өткен нақтылау кезінде 32,5 млрд теңге азайтылған еді. Бас қаржы құжатын кезекті нақтылау кезінде Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы тағы 5 млрд теңгені оңтайландыруды ұсынған болатын. Оған мәдени-бұқаралық және имиджді шараларды, күрделі шығындарды қысқарту және қалалық құрылымдардың қаражаттарын іштен өзара қайта бөлу, сондай-ақ Қаланы дамыту бағдарламасының басымдылықты емес жобаларына деп бөлінген шығындарды қайта қарау арқылы қол жеткізілді.
– Ағымдағы жылы, алдын ала есепке сүйенсек, жергілікті бюджетке карантиннің кесірінен 59-60 млрд теңге кіріс кем түседі. Сонымен қатар бюджетте ШОБ үшін 31 млрд теңгеден астам жеңілдік қарастырылған, – деді Экономика және бюджетті жоспарлау бас­қармасының басшысы Қайсар Манқараев. – Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін біз бұған дейін шығындарды оңтайландыру арқылы салық түсімдері бойынша жоспарды 19 млрд теңгеге қысқарттық, қазір компенсациялық трансферттер есебінен тағы 28 млрд теңге үнемдедік. Тұтастай алғанда, жиналатын салық сомасын ескере отырып, ішкі табыс бойынша жоспар 26 млрд теңгеге кемітілетін болады.
Енгізілген өзгертулерді ескере отырып, 2020 жылға арналған нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 636,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде өз табысы бойынша – 288,7 млрд теңге, республикалық бюжет трансферті бойынша – 248,1 млрд теңге, займдар түсімі бойынша – 95,1 млрд теңге, сондай-ақ еркін қалдықтар – 4,8 млрд теңге. Шығындар статьясы туралы айтсақ, ұсынылған нақтыланған бюджет жобасы келесідей:
Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталатын қосымша 337,8 млрд теңге қарастырған. Бұл жерде әңгіме әлеуметтік маңызды ВИЧ және онкология аурулары үшін әлеуметтік төлемдер көлемін 5-тен 25 АЕК-ке дейін көтеру туралы болып отыр. Сондай-ақ бұл қаржы мүгедектерді міндетті гигиеналық құ­ралдармен қамту үшін, қозғалысы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің қыз­меті үшін және мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес құлағы естімейтін мүгедектерге жест тілінің мамандары үшін қарастырылған. Мұнда, сондай-ақ, Еңбекпен қамту орталығының қызметі де, ведомствоға қарасты әлеуметтік мекемелерді күрделі жөндеуден өткізу кіреді. Сонымен қатар басқарма шығындарын 100 млн теңгеге қысқартты.
Білім беру басқармасына қосымша 2,8 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламасы бойынша, балаларға қосымша білім беруге, халыққа психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру бойынша балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын тексеруге, даму кінараты бар балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және әлеу­меттің бейімдеуге, ата-ананың қам­қорлығынсыз қалған же­тімдер мен балаларды әлеу­меттік қамсыздан­дыруға, техникалық жә­не кәсіби білім беретін ұйымдарда мамандарды даярлауға, мектепке дейін білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыруға. Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты енгізу үшін қосымша 449,5 млн теңгеге 3 мыңға дейін орын, сондай-ақ №8 балабақшада шағын орталық ашу үшін қосымша 45 млн теңге қарастырылған. Жоғары білімді маман даярлау және оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін – 67 млн теңге. Үнемдеу арқылы шығындар 209,8 млн теңгеге азайтылды. Сонымен қатар 326 млн теңге сомасына ішкі қайта бөлу қарастырылды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қосымша 100 млн теңге қарастырылған, оның ішінде медициналық мекемелердің күрделі шығындары – емханаларда электронды кезек жүйесін құру, сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаңадан пайдалануға берілген нысандарын күтімде ұстауға. Бюджет бағдарламасы әкімшісінің деректері бойынша шығындар 100 млн теңгеге азайтылған, сондай-ақ 5 млн теңге іштей қайта бөлінді.
Ішкі саясат басқармасы мамыр мерекелерін өткізбеуге байланысты шығындарды 307,7 млн теңгеге азайтты. Сондай-ақ басқа басқармалар да шығындарын азайтты. Мысалға, Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың шығыны 80 млн теңгеге азайды. Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының шығындары 82 млн теңгеге азайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 4 =