ШЕКСПИР ТЕАТРЫ КЕЛЕДІ

0 107

глоб

27-28 қыркүйекте Астанаға әйгілі «Globe» («Глобус») театры Шекспирдің «Гамлет» спектаклімен гастрольге келеді. Британ кеңесінің ұйымдастыруымен ұсынылатын шекспирлік қойылым ағылшын тілінде жүреді, бірақ қазақша, орысша субтитрларымен қоса беріледі.

Британ театры елімізге «Гамлет» спектаклінің екі жылдық туры аясында сапарлап келе жатыр. Шекспирдің әйгілі шығармасын әлемнің 205 елінде сахналауды көздеген «Globe» театрының тарихы әріден, орта ғасырлардан басталады. Ол 1599 жылы труппа актерлерінің ортақ қазанға қосқан ақшасының арқасында құрылды және оның бастау бұлағында Уильям Шекспирдің өзі тұрды. Даңқты драматургтің пьесаларының алғашқы премьералары осы театрдың сахнасында өтті. Биыл Уильям Шекспирдің дүниеге келгеніне 450 жыл толып отыр. Ал, театрдың заманауи ғимараты 1997 жылы ашылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − ten =