ШЕБЕРЛІК ДӘРІСІН ӨТКІЗДІ

0 138

ERA_9186

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен елорданың Оқу-клиникалық орталығына әлемдік деңгейдегі доктор, симуляция бойынша халықаралық топтың үйлестірушісі Лоайса Левано Уго Карлос келіп, еліміздегі дәрігер-нұсқаушыларға шеберлік дәрісін өткізді.

Белгілі маманның нұсқауымен ақ халаттылар аяқ астынан денсаулығы нашарлаған адамдарға шұғыл көмек көрсетудің қыр-сырына қанықты.

Жалпы, еліміздегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша дәрігерлердің тәжірибесін шыңдау мақсатында әр өңірде симуляциялық орталықтар құру қарастырылған. Астана қаласындағы мұндай орталық жеті жылдан бері симуляциялық технология арқылы талай маманды даярлап шығарды.

Доктор Лоайса Карлостың шеберлік дәрісі бойынша дәрігер-нұсқаушылар симуляциялық орталықтар жұмысын ұйымдастыру мәселелері, тәжірибесін жетілдіруге келген мамандарға курс өткізудің ерекшеліктері, топпен жұмыс істеудің психологиялық әдістері туралы бірталай жайтқа қанықты.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 3 =