Шеберлік дәрісін оқыды

0 73

72a0079e9ee3469894a93a357707Астанада құрылыс қарқынды жүріп, қала мәртебесіне сай халыққа жағдай жасалуда. Сәні мен сәулеті келіскен ғимараттарды тұрғызуда көбіне-көп өркениеті дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінеміз. Қазіргі басты міндеттің бірі – 2017 жылы өтетін Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі құрылысын жүргізуде әлемнің озық тәжірибесін қолдану.
Осыған орай, кеше Астана
қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов даниялық сәулетші Ян Гейлмен кездесті. Сәулетші келушілермен өзінің тәжірибесін бөлісіп, арнайы шеберлік дәрісін өткізді.
«Профессор мырза әлемдік дең­гейдегі ең мықты сарапшылардың қатарында саналады. Сондықтан, есімі әлемге әйгілі профессор Ян Гейл мырзаның дәрісі жаңа ғасырда жаңа астананы тұрғызып жатқан біз үшін берері мол берекелі басқосу болды деген сенімдемін» деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов жиын барысында.
Өз кезегінде сәулетші Ян Гейл: «Қала небары 15 жаста. Ал, менің туған қалам Копенгагеннің 1000 жылдық тарихы бар. Біз де мұндай белестерден өттік. Қаланы дамытуда түрлі тәжірибелерді қолдандық. Содан түйгенім, қала сыртқы көрінісімен ғана емес, ішкі өмірімен де әдемі болуы керек. Бүгінде көптеген қалаларда көліктен аяқ алып жүргісіз. Мен жұмыс істеген қалалардың біразы велосипедке ауысып жатыр. Ол үшін, әрине, алдымен жағдай жасалу керек. Сіздер де өздеріңізге қолайлы, денсаулыққа пайдалы жолды таңдайсыздар деп сенемін» деді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 7 =