Шебердің шеберлік сабағы

0 48

Нұр-Cұлтан қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйытқы болуымен танымал дизайнер Гүлнар Қасыммен «Заманауи дизайнде ұлттық өрнектерді үйлестіру» атты онлайн-шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаты барысында дизейнер ұлттық нақышта жасалған заманауи бас киім, шапан және көйлектердің жана топтамасын ұсынды. Қазіргі таңда ол – елімізде ұлттық киімдерді қолданысқа енгізу жолында жұмыс істеп жүрген шебердің бірі. Мұнай саласынан сән саласына бет бұрған дизайнер шет елдерде өзінің ерекше туындыларымен танылып үлгерген. Әсіресе Париж бен Миланның сән апталарында этностиль бағытында көрмесін өткізген.
«Мені анам да, әжем де үнемі тігін тігетін. Бейнелеп айтқанда, бармағынан бал тамған шебер болды. Әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысу қажет. Мен де өз жолымды таптым деп ойлаймын. Жүрегіңіздің қалауын тыңдаңыз» деді Гүлнар Қасым ақыл-кеңес сұраған жастарға.
Онлайн шара барысында дизайнер оқырмандардың әлеуметтік желі арқылы түскен сұрақтарына жауап беріп, өз шеберлігінің сырымен бөлісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =