«Шаттықтан» шыққан дарындар

0 112

Биылғы «Шаттық-2019» атты қалалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау өз мәресіне жетті.

Бұл өнер додасы осымен 13 рет ұйымдастырылып отыр. Жыл санап өнер сайысынан қанаттанған талантты жеткіншектердің қатары көп. Солардың арасында Мұхамедәлі Жүгінісов пен Жанел Сәдуақас халықаралық «Балалар жаңа толқыны» байқауына қатысып, еліміздің мерейін асырды. Сондай-ақ Дания Ишанқұлова «Аялаған Астана» республикалық байқауының финалисі болса, Дильнура Біржанова «Х-FACTOR» жобасында жеңімпаз атанды.
Биылғы байқауға «Вокал», «Хореография», «Аспапты музыка», «Ерекше жанр», «Театр», «Бейнелеу өнері», «Фотосурет», «Хор әні» атты аталымдар бойынша 112 білім мекемесінен 7 мыңнан аса жас өнерпаз қатысып, өнерлерін көрсетті. Олардың бәрі де сайысқа жоғары дайындықпен келгендіктерін дәлелдеді. Әрбір аталым бойын­ша топ жарған жас дарындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 17 =