«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шаттыққа толы шырша той

0 207

Балдырғандардың әр жыл сайын асыға күтер мерекесі шыршатой екені анық. Ал оған Елбасының өзі арнайы шақырып жатса, екі есе қуаныш емес пе?! Кеше Астанадағы Оқушылар сарайында болған осынау мейрамға бас қаланың ең үздік бүлдіршіндері жиналды.

Оларға арналған ақжарма тілегін Президент видеоүндеу арқылы жолдады.
– Сендердің алаңсыз әрі бақытты өмір сүрулерің үшін біз барлық жағдайды жасап келеміз. Сондықтан бәрің де саналы тәрбиеге, сапалы білім алуға ұмтылуларың керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Салтанатты шараға Астана әкімі Бақыт Сұлтанов барып, сиқырлы ертеңгілікті балдырғандармен бірге тамашалады.

Аталмыш жиынға 9 бен 13 жас аралығындағы 200 елордалық шәкірт қатысты. Олардың ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыдан шыққан ұл-қыздар да бар. Балақайлар бар өнерлерін ортаға салып, Аяз Ата мен Ақшақардың көңілінен шығуға тырысты. Бұған қоса, Оқушылар сарайының 40-тан аса шығармашылық ұжымы театрландырылған шоу ұйымдас­тырып, мейрамның ажар-көркін одан әрі ашты. Кеш соңында әр балаға тәттілер мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды