Шаттандырған «Шаншар»

0 204

«Жастар» сарайында «Шаншар» әзіл-сықақ театры елорда жұртшылығына әзіл-қалжыңын айтып, көңілдерін бір желпіндіріп тастады.

Бұл «Шаншардың» 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ақ жаулықты аналарға, арулар мен қыздарға арнаған тартуы болатын. «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов өз сөзінде біздің қоғамдағы аналардың рөлі, қыз-келіншектердің ибалы да инабатты қасиеттері туралы ойларын әдемі әзілдермен жеткізе білді. Бұл жолы «Шаншар» театры астаналықтарға жаңа бағдарламасын ұсынғанын айта кетуіміз керек. Театр әртістері бүгінгі қоғамдағы жат қылықтарды, қолына билік тигендердің ерсі әрекеттерін сынап, әзіл-қалжың арқылы «жаманнан жирену керек» екенін ұғындырды. Интермедиялардың арасында аналарға арналған әдемі әндер шырқалды. Бір сөзбен айтқанда, «Шаншар» әзіл-сықақ театры астаналық көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 1 =