«ШАРЫНДА» БАҒА ШАРЫҚТАМАСЫН

0 182

СОҢҒЫ АПТАЛАРДА ШАРЫҚТАП КЕТКЕН КЕЙБІР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ БІРТЕ-БІРТЕ ӨЗІНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛГЕЛІ ЖАТҚАН СИЯҚТЫ. ӘСІРЕСЕ, КӨКӨНІСТІҢ, СОНЫҢ ІШІНДЕ КАРТОПТЫҢ БІРНЕШЕ ЕСЕ ҚЫМБАТТАҒАНЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫНА ҚАТТЫ СЕЗІЛДІ. МҰНДАЙ ЖАҒДАЙ АСТАНАДА ҒАНА ЕМЕС, ЕЛІМІЗДІҢ БІРНЕШЕ АЙМАҒЫНДА ҚАТАР БАЙҚАЛДЫ. 

Әлеуметтік желідегі жұрттың әңгімесі де картоп болып кетті. Мәселен, Қарағандыдағы Марғұлан Уәли досымыз «Күзге дейін «жаркое» жемейтін сияқтымыз» деп әзілдеді. Алматыдағы Ерік Рахым әріптесіміз «Нарынқолға келіңіздер, жақсы, арзан картошка бар» деп жар салды. Астанада отырып, Алатаудың баурайына картоп үшін сапар шегетін жайымыз жоқ, бізге елордада арзандау алатын жер керек.
Өзіміз тұратын үй жақта картоп арзан дегенде 300 теңгеден сатылуда. Шыны керек, мұны қымбатсындық. Басқа жерде де бағаның оңғаны шамалы шығар деп, бірден «Шапағат» базарына тарттық. Бұл коммуналдық базар болғаннан кейін, азық-түлік халыққа арзандатылып сатылады. Биыл әкелінген картоптың келісі – 250-260 теңге, ал былтырғысы 230 теңгеден сатылуда екен.
Алайда керегімізді сатып алмас бұрын бағаның неге өскенін білгіміз келді. Содан базар әкімшілігіне барып, бірауыз тілдестік.
«Көбісі бағаның өскенін «ЭКСПО» көрмесінің өтуімен бай­ланыстырып отыр. Мүлде олай емес. Негізі, әр жылдың осы мезгілінде бұл – қайталанатын жағдай, яғни қалада баға көтеріледі. Оның себебі, қамбада былтырдан қалған көкөністің түбі көрініп, оңтүстіктен биылғы өнімнің көптеп жетуін күтуге тура келеді. Әсіресе, бұл жағдай маусым айында байқалады. Бірақ осы айдың аяғында баға біршама түсуі тиіс. Қазірдің өзінде баға тұрақталуда» дейді базар әкімшісі Айым Жұмашева.
Оның айтуынша, көкөніс «Шапағатқа» «Шарын» базарынан жеткізіліп, сатылады. «Бағаны өзіміз қоямыз. Сауда орнын жалға алғандар «Шарыннан» көтерме бағамен белгілі бір тауар түрін сатып алса, бізде сол бағаға 10 пайыз ғана қоса алады. Ол үшін бақылаушыларымыз да күнде таңертең «Шарын» базарындағы бағаны көріп қайтады. Жалға алушылар бізге көнбей, бағаны көтеретін болса, жазаланады. Тиісті шарттарды бұзғаны үшін олардың қолына хат тапсырылады. Ал жылдың аяғында осындай хатты көп алғандармен әрі қарай жұмыс істейміз бе, жоқ па, шешеміз» дейді ол.
Әлия есімді көкөніс сатушымен бірауыз сөйлес­кенімізде, ол тауарды жұ­байы «Шарыннан» әкелетінін, әкімші айтқандай, 10 пайыздан артық қоспайтынын жеткізді. «Қойған бағамыз өзіміз азық-түлікті сатып алған бағаға тікелей тәуелді. Мәселен, кеше пиязды 170 теңгеге саттық. Бүгін оның көтерме бағасының өзі 175-180 теңге болып тұр. Кеше, мысалы, картопты 280 теңгеден сатуға мәжбүр болдық. Ал бүгін көтерме баға арзандағаннан кейін біз де оны 260 теңгеге түсірдік. Яғни,

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ризагүл Мүсілімова қалада картоп біршама арзандағанын жеткізді. «Қаланың көкөніс павильондарында картоптың орташа бағасы 30-40 теңгеге түсті. Мәселен, 2-3 күн бұрын ғана оның көтерме бағасы 250 теңге болса, қазір 210 теңгенің маңайында. Бұдан былай да баға түспесе, өспейді. Ал күзге қарай бірнеше есе арзандайды»
дейді ол

«Шарында» баға түссе, біз де түсіреміз» дейді сатушы.
«Қазагромаркетинг» АҚ сараптамалық зерттеулер департаментінің бас менеджері Әбен Байтөковтің сөзінше, «Шарын» базарында картоптың былтырғы қоры таусылуға жақын. Ал биылғы өнім бірте-бірте еліміздің оңтүстігі мен Өзбекстаннан жеткізілуде. «Шарында» былтырғы сәбіз де түгесіліп келеді. Осы жылғы өнім әкелінбегендіктен оның бағасы өсті.
Керісінше, былтырғы пияз баяғыда таусылған. Базарда сатылып жатқаны – оның биылғы өнімі. Қырыққабат та солай, сондықтан осы екеуі қымбаттады. Маманның айтуынша, базарда қызылшаның бағасы ғана өзгерген жоқ. Жеміске келсек, алманың бағасы түсе бастапты. Сондай-ақ, қауын мен қарбыз да «Шарынға» жетіпті.
Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ризагүл Мүсілімова қалада картоп біршама арзандағанын жеткізді. «Қаланың көкөніс павильондарында картоптың орташа бағасы 30-40 теңгеге түсті. Мәселен, 2-3 күн бұрын ғана оның көтерме бағасы 250 теңге болса, қазір 210 теңгенің маңайында. Бұдан былай да баға түспесе, өспейді. Ал күзге қарай бірнеше есе арзандайды» дейді ол.
Ал «Шапағатты» аралағанда қырыққабат 250 теңгеден, қызылша 170-180 теңгеден, жуылмаған сәбіз 200-ден, жуылғаны 175 теңгеден, пияз 190 теңгеден, ескі картоп 230 теңгеден саудаланып жатқанын көрдік.
Еттің бағасын да шолып қайттық. Жылқы еті 1600 теңгеден, сиыр еті 1300-1350 теңгеден, қой еті 1500 теңгеден саудаланып жатыр екен.
Әр сенбі-жексенбі са­йын қалада өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп келе жатқанынан да жұрт хабардар болуы керек. Алайда оған азық-түлік аз жеткізіліп жүргенін көріп жүрміз. Көбінесе ресми хабарланған көлемге жетпей жатады. Жеміс-көкөністің бәрі пісіп, мал семіргеннен кейін жағдай жақсаратын шығар деп топшылап отыр­мыз.
Ал 17-18 маусым күндері «Қа­­зақстан» спорт сарайының автотұрақ алаңында ке­зек­ті ауыл шаруашылығы жәр­меңкесі өтеді. Бұл жолы Аты­рау, Алматы, Ақтөбе облыс­тары 3 мың тоннадан ас­там ауыл шаруашылығы өнім­дерін көпшілікке ұсынбақ.
Үш облыстың өкілдері көкөніс, ет, сүт, балық, шұжық өнімдері, сұйық май және өзге де көптеген тауарларды елорда тұрғындарына арзан бағамен саудалайды деп айтылды. Жәрмеңкеге 151 отандық ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өндіруші қатысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына үш облыстың шығармашылық өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 4 =