Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шаршы алаңда – бұрымды боксшылар

0 320

Астана қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жексенбі күні жалауын көтерген жарысқа еліміздің барлық облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 100-ге жуық боксшы бағын сынайды.

Байрақты бәсекенің алғашқы күндері елге танымал боксшы қыздардың бірі қарсыластарынан басым түсті. Атап айтқанда, 54 келінің үздігі ақмолалық Дина Жоламан қостанайлық қарсыласы Байманованы бет қаратпай ұтты. Ал 60 келі салмақта қарағандылық Айжан Қожабекова өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңсе, астаналық Римма Волосенко да жеңімпаз атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Маржықбаевтың шәкірті өзіне қарсы шыққан қарағандылық боксшыны жекпе-жек соңына дейін шыдатпады. Бапкерлері шаршы алаңға орамал тастады. Осы салмақтағы күштінің бірі саналатын Карина Ибрагимова да алматылық арудан айласын асырды.
Жұлдыз Маматқұлова 81 келіде ешкімге дес бермейтіндей көрінеді. Алғашқы жекпе-жегінде астаналық Алтын Мұқышпекованы көп қиналмай-ақ ұтты.
Ұлттық біріншіліктегі тартысты әрі қызық айқастар бүгін де жалғасатын болады. Жанкүйерлер алдында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова (екеуі де 51 келі), Сәния Сұлтанқызы, Назым Ищанова (57 келі), Ләззат Күнгейбай (+81 келі) сынды атақты боксшылар өнер көрсетеді.
Боксшылар бәсекесі сағат 12.00-де басталады.
Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері бейсенбі күні белгілі болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды