Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шарапаты мол шара

0 234

 Елорданың сол жағалауындағы «Ботаникалық бағына» «Алтын орда» бизнес-клубының ұйытқы болуымен биылғы қаңтар айында Ақтөбедегі «Самара – Шымкент» жолында мерт болған 52 өзбекстандықтың рухына бағыштап, 52 жеміс ағашы отырғызылды. 

Шараға Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының елшісі, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатыс­ты. Олар енді көркейіп келе жатқан жаңа баққа 42 алма мен 10 шетен ағашын екті. Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязқоджаев өз қолымен бір түп алма ағашын отырғызып, сол қайғылы оқиғаны бөліскен Қазақстан халқына алғысын жеткізді. «Сондай ауыр жағдайда Қазақстан үкіметі үлкен қолдау көрсетті. Тиісті органдар барлық қажетті көмекті жасады. Бүгінгі отырғызылған ағаштар – екі ел арасындағы достықтың үлгісі. Әрі бұл қасиетті ораза айында жасалып отыр. Оның сауабы мол. Осы ізгілікті шара жайында қаза болған өзбекстандықтардың отбасыларына міндетті түрде жеткіземіз» деді елші мырза.
Осындай сауапты іске бас болып жүрген «Алтын Орда» бизнес-клубының төрағасы Мархабат Балғабай деген азамат.
«Біз бұл шараны өз еркі­міз­бен қолға алдық. Биыл – Қа­­­зақ­стандағы Өзбекстан жылы. Бір жағынан, бауырлас халық­пыз. Тарихымыз, рухани мұ­рамыз ұқсас. Қазір біздің кә­­­-
сіп­керлер көрші елмен сауда-экономикалық байланыс орнатуға күш салып жатыр. Бір­лес­кен жобаларымыз бар. Ал бүгінгі шара – қайғылы жағдайда мерт болған 52 өзбекстандықтың рухына бағышталады. Туысқан жұрттың қайғысына ортақтасуды парыз санаймыз. Сондықтан мұны Рамазан айында ұйымдастырып отырмыз» деді ол.
Айтпақшы, отырғызылған көшеттер бас шаһардың табиғатын жерсіну үшін Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды