«ШАРАПАТ» ШУАҒЫ

0 113

Жасы келген қарттарға ең керегі – көңіл. Сондықтан мереке қарсаңында «жасотан­дықтар» әкімдіктің «Шарапат» әлеуметтік қыз­мет көр­сету орталығына барып, қариялармен бір партия шахмат ойнап қайтты.

Сонымен қатар жастар ардагерлерімен үстел тен­нисі, тоғызқұмалақ, дойбы ойнады. «Жас Отан» жас­тар қанатының баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Серікжанованың айтуынша, белсенділер қарияларға әрдайым көңіл бөледі.
– «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы 2014 жылдан бастап қолға алынды. Биыл біз 25 қыркүйекте «Қарттарым, аман саумысың» шарасын бастаған болатынбыз. Шара 5 қазанға дейін жалғасын табады. Оның аясында бүкіл республикада 16 мың «жасотандықтың» қатысуымен түрлі игі істердің басын қайырамыз.
Ал бұл шара жастар ара­сында егде адамдарға, арда­герлерге қамқорлық пен құрмет көрсетудің маңыз­­дылығын түсіндіріп, ұр­пақ­тар арасындағы сабақ­тас­тықты нығайтады. Елбасы­мыздың өзі «Рухани жаң­ғыру: Болашаққа бағдар» мақа­ласында жаңғырудың басты тірегі – ұлттық мәдениет пен кодты сақтау деген. Ал біздің ата-әжелеріміз салт-дәстүрді, тарих пен мәдени байлықты дәріптейді. Бұл асыл қазынаны елемей, сананы өзгерту мүмкін емес.
Мереке аясында партия белсенділері астаналық соғыс ардагерлері мен тыл еңбек­керлерінің үйлеріне барып, аулаларын тазартып, кішігірім сыйлықтар тарту етпек.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × two =