Шәмшінің әнін шырқа!

0 29

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы көрнекті композитордың 90 жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желіде «Шәмшінің әнін шырқа!» атты әуендер жобасын жариялайды.

Жобаға қатысу үшін композитордың өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнін орындап, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Жарияланымға #Шәмші90жас хештегін қойып, @qazaqstantv парақшасын белгілеу қажет. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды. Қосымша талаптар: әнді толық орындау; ұялы телефонды көлденең (гаризонтальды) түрде қойып түсіру.
Ең сәтті шыққан түсірілімдерден бейнебаян әзірленіп, «Qazaqstan» және «Abai» телеарналарының эфирінен көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 5 =