ШАЛҚЫДЫ АСҚАҚ ӘУЕНДЕР

0 106

ERA_7979

Жақында М.Горький атындағы Орыс драма театрында Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған №2 балалар музыка мектебінің «Шалқысын асқақ әуенім» атты жылдық есеп беру концерті өтті.

Есеп беру концертінің негізгі мақсаты – шеберлік шыңына талпынып, мектеп мерейін асырып жүрген жас өнерпаздардың өнерін көпшілікке таныстыру.
Мектеп мақтаныштары – «Балдәурен» халық аспаптар оркестрі, «Фреско», «Көркем», «Самал», «Әсем-ай» хор ұжымдары, домбырашылар, қобызшылар, скрипкашылар және фортепиано, вокал бөлімдері мен орыс халық аспаптар бөлімінің жеке орындаушылары өнер көрсетті. Концертте қазақ, орыс, шетел классиктерінің және қазіргі заманғы композиторлардың шығармалары орындалды. Балалардың өнеріне тәнті болған көрермен әр орындалған ән-күйге ризашылықпен қол соқты.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 1 =