«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шала туған шақалаққа шақталған

0 206

Елордада өткен жылы бір жарым мың сәби шала туған. Олардың адам қатарына қосылып кетуі бір жылға дейінгі күтіміне байланысты болмақ. Осы ретте, №2 көпбейінді қалалық ауруханада Катамнез және оңалту бөлімшесі ашылды.

Жаңа бөлімшеде шала ту­ған шақалақты оңалтуға тиісті ме­ди­­циналық ем-шара көрсеті­ліп, аналарын сәбидің ерекше күті­міне бейімдейтін болады. Катамнез деген ұғымның өзі тәуекелдер тобындағы нәрестелерге арналған медициналық көмекті ұйым­дастыру дегенді білдіреді. Мұн­дай бөлімше Астана қа­ласы бойынша алғаш рет ашы­лып отыр және кем дегенде жылына 260 баланы қабылдай алатын болады.
Әзірге нәрестелер перинаталдық орталықтардың жолдамасымен осында ем алады. Ал алдағы уақытта шала туған балаларды оңалту мемлекеттік тапсырыс негізінде порталға енгізіледі. Ол кезде мемлекет есебінен ем жүреді, әзірше бөлімшеде сәбилерге тегін қызмет көрсетіледі.

Иван Ли,
аурухананың бас дәрігері:
– Бөлімшеде реабилитолог, педиатр, невролог, хирург мамандары балалардың денсаулығын қадағалап, ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Қазіргі заманғы емдеу әдістері арқылы салмағы жарты келіден асатын шала туған шақалақтардың ет алып, қалыпты дамуына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл – стационарлық клиника. Мұнда анасы баласымен бірге күндіз барлық ем түрін ала алады. Қажет болғанда осында қона жатып ем алуға жағдай жасалған, – дейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды