Шәймерден Қосшығұлұлы көшесі

Елордада - есімі

0 32

Шәймерден Қосшығұлұлы І және ІІ Мемлекеттік думаға Ақмола облысынан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты, бай адам деп көрсетілген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халықты қанаушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған. Елордада көше атауы берілген.Бұл көше Сарыарқа ауданында орналасқан. Көшенің бұрынғы атауы – 188-көше. Қазіргі таңда Жамбыл, Бірінші және Екінші Алматы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1608 м.
Көрнекті Алаш қайраткері, діндар Шәймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысында туған. Жастайынан ауыл молдасынан хат танып, Науан Хазірет медресесі мен Бұқарада оқыған. Кейін есейе келе Наурызбай Таласұлы мешітінің жанындағы интернатта мұғалім болған. Дәл осы кез оның өз ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрған тұсы еді. Заманында ұлтымыздың ұлы перзенті Абайға да хат жазып, қазақ намысын таптатпау жолында ортақ күрес­ке үндеген ағартушы кейін абақтыға жабылған. Алғашында орыс тілін білмейтіндігінен депутаттыққа тіркелмей, екінші ретте Мемлекеттік думаға халық қолдауымен депутат болып сайланады. Батыс Сібірге айдауға жіберіліп, Якутияда жапа шекті. Артынша алашордашылар араға түсіп, оны босатып алады. Петербор мен Нижний Новгородта болып, жалпыресейлік мұсылмандар съезіне қатысады. Түркияға барып, сол елдің танымал газеті арқылы ІІ Николайға мәлімдеме жасайды. Бәріміз білетін Санкт-
Петербург қаласында шығып тұрған «Серке»
газетіне де қаржылық қолдау көрсеткен. 1917-1919 жылдары Алаш үкіметінің құрамында болып, өзінің көзқарасын ашық жеткізе білген. Бертінде жаламен Петропавл түрмесіне қамалып, 1942 жылы дүниеден өтті.
Қайраткер туралы әзірше толымды еңбек санатында бір-ақ дүние бар екен. Ол – тарих ғылымының докторы Өмірзақ Озғанбаевтың «Рух күрес­кері» еңбегі. Қазіргі кезде елордадағы көшемен қатар, Ақмола облысында көрнекті Алаш қайраткерінің ескерткіш мүсіні орнатылған, Көкшетау қаласында оның атындағы көше мен мектеп бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − three =