ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖАСАҚТАЛДЫ

0 130

photo_28183

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік құрамы әлем біріншілігіне дайындық ретінде өткізілетін жолдастық кездесулерге спортшылардың тізімін жасақтады.
Оның құрамына петерборлық «СКА» командасында өнер көрсетіп жүрген Кевин Даллмэн мен жақында жарақаттанып қалған Талғат Жайлауов та кіріп отыр.

Алғашқы оқу-жаттығу жиындары 20-25 сәуір күндері Астана маңындағы Мичурин базасында өтеді. Осыдан кейін Италия мен Францияға келесі жиындарға аттанатын негізгі құрам жасақталатын болады.
Құрама команданың жолдастық кездесулерінің күнтізбесі:
29 сәуір, Тренто қаласы. Италия – Қазақстан
30 сәуір, Азиаго қаласы. Италия – Қазақстан
3 мамыр, Руан қаласы. Франция – Қазақстан
4 мамыр, Париж қаласы. Франция – Қазақстан
7 мамырда құрама әлем чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсету үшін Минскіге аттанады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =