«ШАХТЕР» ШАМЫРҚАНЫП ТҰР

0 127

Бүгін түнде Тирана қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші раундтағы қарымта ойыны өтеді.  Албания чемпионы қарағандылық «Шахтер» командасын қабылдайды.

«Астана Арена» стадионында өткен алғашқы ойында кеншілер командасы «Скендербеу» клубын 3:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Жерлестеріміз бүгін сәтті нәтижеге қол жеткізсе, келесі кезең – плей-офф ойындарына өтеді. Қазақстан чемпионы үшін тең ойын да жеткілікті болып тұр.

Ал плей-офф ойындарынан сүрінген жағдайда Еуропа лигасының топтық турниріне қатысады. Бұл көрсеткіш – Қазақстан футболының жаңа жетістігі болмақ. Олай болса, түнгі 24.00-де басталатын тарихи матчты тамашалауды ұмытпайық, жанкүйер қауым!

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 17 =