«Шахтер» — екі дүркін чемпион

0 113

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында соңғы турдың алдында Қарағандының «Шахтер» командасы екінші рет қатарынан ел чемпионы атағын жеңіп алды. «Оқжетпес» командасы жоғары топтан шығып қалғаны әлден-ақ белгілі болды.

Жексенбі күні өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылданған «Шахтер» 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 53 ұпаймен ұлттық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Басқа ойындарда «Астана» – «Жетісу» 1:0, «Атырау» – «Тараз» 0:0, «Оқжетпес» – «Ордабасы» 1:2, «Сұңқар» – «Ақтөбе» 0:1, «Тобыл» – «Ақжайық» 6:0, «Ертіс» – «Қайрат» 1:0 көрсеткіштері тіркелді. Әзірге екінші орында «Ертіс», үшінші орында «Тараз» командалары келеді. Чемпионаттың жүлдегері болуға «Тобыл», «Астана» және «Ақтөбе» командалары да мүмкіндіктерін сақтап отыр. Чемпионаттың соңғы туры алдағы жексенбіде өтеді.

Алдағы жылы премьер-лигада өнер көрсетуге бірінші лигада топ жарған «Іле-Сәулет» және «Восток» командалары мүмкіндік алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 13 =