Шахматшы қыздар шабыты

0 48

Халықаралық шахмат федерациясы 16 жасқа дейінгі жастар арасындағы командалық онлайн турнир өткізді.ФИДЕ аясында ұйымдастырылған жарысқа әлемдегі 6 үздік құрама команда қатысты. Халықаралық жарыста АҚШ, Ресей, Франция, Қытай, Голландия құрамаларымен қатар, Әлем құрамасы командасы бақ сынады.
Байрақты бәсекенің ерлер турнирінде, әйелдер турнирінде Әлем құрамасы чемпион атанды. Осы жеңімпаз команданың сапында өнер көрсеткен қазақстандық Бибісара Асаубаева жеке көрсеткіш бойынша ең көп ұпай жинаған шахматшы болды. Ол жарыс барысында 4,5 ұпай жинап, турнир кес­тесінің көш басын бермей келе жатқан Қытай құрамасын басып озуға мүмкіндік жасады.
Ал халықаралық гроссмейстер, Әлем чемпионы Динара Сәдуақасова еліміздің шахмат мектептері шәкірттері және әуесқой ойыншылар үшін Zoom платформасында онлайн шеберлік сабақ өткізді. Шахматқа қызыққандар болса, Әлем чемпионы өткізген шеберлік сабақтың бейнежазбасын ist_ombysm_kmm Instagram парақшасынан көруіне болады. Осылайша, қазақтың атақты шахматшы қыздары төтенше жағдай кезінде де шығармашылық шабыттарын суытпай келеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − fourteen =