«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Шаһар жайын талқылады

0 96

Елордада қаланың мәдени кодын жетілдіріп, одан әрі мәдени дамыту бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала», Нұр-Сұлтансаламатты қала, «Нұр-Сұлтанбейбітшілік қаласы» бейнелерін қалыптастыру мәселелері талқыланған дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына қоғамдық ұйым өкілдері мен қалалық мекемелердің басшылары қатысып, «жалпы елорда тұрғыны деп кімді атаймыз?» деген сауал төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

– Елорда халқының мәдени кодын қалыптастыру – бұл өте маңызды тақырып. Осы мақсатта кейінгі кезде көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Әсіресе, бас қала тұрғындарының өзіндік көзқарастары мен ой-тұжырымдарын тыңдап, ақпарат алмасу өте құнды болып отыр. Бұл негізде көптеген мекемелермен нақты жұмыстар жүргізілуде, – деді заң ғылымдарының магистрі Жорабек Абралиев.

Қазіргі кезде ірі мегаполис болып табылатын, бір миллионнан аса адам тұратын елордада мәдени құндылықтарды жаңарту, салт пен дәстүр, соның ішінде мемлекеттік тілдің өркендеуін, оның қолданыс аясын кеңейту – кезек күттірмейтін мәселе.

Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды