Шағын орталық ашылды

0 184

Кеше «Қайнар» тұрғын үй кешенінде ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және зейнеткерлерге арналған «Күйші Дина» атты шағын орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Алматы аудандық Ардагерлер ұйымының бұл бастамасы былтырғы күзде қолға алынған да, Күйші Дина көшесіндегі арнайы орын қаңтар айында пайдалануға берілген екен. Енді мұнда қариялар бос уақыттарын күніне екі сағаттан дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, домино, лото ойнап, кітап оқып, мүмкіндігінше шағын концерттік бағдарламалар қойып өткізе алады.

Жалпы, «Қайнар» ТК-дегі 17 үйде 3 мыңға жуық пәтер бар. Онда 11 мыңға жуық халық қоныстанған. Соның ішінен 150-ге тарта ардагерлердің әр күнін көңілді өткізіп, өзара әңгіме-дүкен құруларына «Күйші Дина» шағын орталығы таптырмас мүмкіндік болғалы тұр. Барлық жағдай жасалған. Оған балаларды шақырып, лекция оқып тұруды ниет еткен қариялар алдағы уақыттарда мектеп, орта және жоғары оқу орындарымен де тығыз қарым-қатынас орнатпақ.

Әйгерім ЕСМАҒАНБЕТОВА,
студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =