Шағын бизнеске қолдау бар

0 22

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері медицина, білім беру, құрылыс, көлік және өзге де салаларда 1000-нан аса жоба субсидияланды. Бұл туралы бас қала басшысы Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Коронавирус пандемиясы шағын және орта бизнестің жұмысына әсер етті. Мемлекет ШОБ-қа жедел және ауқымды қолдау көрсетті. Бұл үшін «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Жергілікті қамту үлесі», «Еңбек» және басқа бағдарламалар бар. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ШОБ-ты қолдау бағдарламаларының тиімділігін, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының 2022 жылға да ұзартылғанын атап өтті» деді А.Көлгінов.
Сонымен қатар әкім коронавирус пандемиясы кезінде шағын және орта бизнеске қандай көмек көрсетілгенін атап өтті.
«Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша өткен жылдан бастап пайыздық мөлшерлеме 6 пайызға дейін төмендетілді, сома 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды, салалық шектеулер алынып тасталды, шағын бизнеске микрокредит беру бойынша жаңа бағыт енгізілді. Биыл медицина, білім беру, құрылыс, көлік және т.б. салаларда мыңнан аса жоба субсидияланды.
Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер палатасы жанында аймақтық жобалық кеңсе жұмыс істейді. Іске асыру сәтінен бастап 55 млрд теңге сомасына 40 жоба қолдау тапты. Осы жылы құрылыс материалдары, медициналық маскалар өндірісі, мектептер, медициналық орталықтар құрылысы және т.б. бағытқа қолдау көрсетілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жүздеген тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін тағы 14 жоба қолдау тапты. Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар ШОБ өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетуге, жобалардың қуатын және отандық өндіріс өнімдерін шығару үлесін ұлғайтуға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді» деп жазды елорда әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + eight =