Шағым тексерілді

0 32

Елорданың «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне қала тұрғынынан М.Ғабдуллин көшесінде балалар алаңының сапасыз салынғаны туралы шағым келіп түсті. Кеңсе жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент қызметкерлері мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін аталмыш мекенжайға барды.

Балалар алаңы құрылысына Байқоңыр ауданы әкімдігі, қаланың Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруа­шылық басқармасы тапсырыс берді. Аталған мекемелердің өкілдерімен жұмысты орындаған мердігер де шақырылды. Расымен бірқатар кемшіліктер анықталды. Оларды жою және құрылыс талаптарын сақтау бойынша ескертулер беріліп, ұсыныстар айтылды.
– Ауланың абаттандырылуына, жаңа балалар алаңы мен спорт алаңына тұрғындар риза. Тек бір тұрғын ғана жұмыс толығымен аяқталмаған деп шағымданды. Мердігер алдағы екі-үш күн ішінде кемшіліктерді жоямын деп отыр. Бұған қоса аула жарықтандырылады, – деді М.Шекенов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 1 =