«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Шабыт» шақырады

0 139

Астанада жыл сайынғы «Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Биыл байқау бес аталым, атап айтқанда, «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика» бойынша өтеді.

5-9 қараша аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін бай­қауда 16-35 жастағы үміт­­­керлер өнер жарыс­тырады. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Классикалық музыка» аталымы келесідей ішкі аталымдарға бөлініп отыр: «Ағаш үрмелі аспаптар», «Мыс үрмелі аспаптар», «Соқпалы аспаптар», «Камералық ансамбль».
«Халық музыкасы» аталымы «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Бас шертер», «Прима домбыра» болып бөлінсе, «Хорео­графия» аталымында тек халық биін орындаушылар ғана өнер көрсетеді. Ал «Журналистика» аталымына екі бағыт қосылды – «Телевидение» және «Интернет ресурстар».
«Журналистика» «Ша­быт» фестивалінің бағдар­ламасында соңғы рет 6 жыл бұрын болған. Биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай бұл аталым қайта енгізілді. Байқауға мерейтойлық датаға және елордаға арналған телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер (хронометражы 20 минуттан аспайды) және Интернет ресурстардағы жарияланымдар қатысады.
Әр аталым бойынша толық ереже ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің www.shabyt.astana.kz сайтында және Астана қаласы Мә­дениет және спорт бас­қармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайтында жарияланған. Өтінімдерді қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды