СЕРПІН СТРАТЕГИЯСЫ

0 131

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегия­сы­­ арқылы Үкімет пен Пар­ла­мент­ке­ жау­апкершілік жүктеп, қа­лып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғы­тын белгілеуді ұсынды. Бұған қо­са­ ұлттық экономикамыздың, аза­мат­тық қоғамымыздың, кон­фес­сия­аралық келісіміміздің, өңірлік көш­бас­шы­лығымыз бен ха­лық­аралық беделіміздің буынын­ бе­кітіп, қанатын қатайтуды тапсырды. Тапсырып қа­на­ қойған жоқ, мақ­сатқа жетудің түрлі тәсілдері мен­ амалдарын айтты.

Елбасы өз Жолдауында тарихи уа­қыт­тың­ жеделдеуі, демографиялық тең­ге­рім­сіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, су тап­шы­лығы, энергетикалық қауіпсіздік, та­биғи ресурстардың сарқылуы, үшінші ин­дус­триялық революция, әлеуметтік тұ­рақ­сыздық, құндылықтар дағдарысы жә­не жаңа әлемдік тұрақсыздық сынды ХХІ ғасырдың 10 жаһандық қатерін атап көрсетіп, бұлардың алдын алу кезек күттірмейтін мәселе екенін жеткізді. Сөйтті де, жедел өзгермелі тарихи жағ­дай­лардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытының парадигмасын жасап, «ұлт болып ұйысу үшін қайтпек керек?» деген сауалдың нақты жауабын берді.

Президенттің пайымдауынша, әлем­де­ болып жатқан өзгерістер бізді үрей­лен­дір­мейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары­ қол­ жеткізгеннің барлығын сақтай оты­рып­, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жал­ғас­ты­ру.­ Біздің басты мақсатымыз – 2050 жыл­ға қарай мықты мемлекеттің, дамыған эко­но­миканың және жалпыға ортақ еңбектің не­гізінде берекелі қоғам құру.

Нұрсұлтан Назарбаев «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарды да қал­тарыста қалдырған жоқ. Ол бағ­дар­ла­­малық құжатта нақтыланған 2050 жыл­ деген дата мақсатқа жетудің межелі мер­зі­мі екенін баяндап:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қа­зақстан үшін жаңа саяси бағыт. Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы са­палық тұрғыдан өзгерді. Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ен­ді­гі жерде 2030 Стратегиясының аясы жет­кі­лікті емес. Біз жоспарлау көкжиегін ке­ңейтіп, 15 жыл бұрынғыдай кезекті дү­ние­танымдық серпіліс жасауымыз керек. «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің мем­ле­кеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша ол орындалды.
«2030 стратегиясы» 1997 жылы ашық құжат ретінде жасалды. Біз о бастан-ақ­ оған түзетулер енгізу мүмкіндігін ес­кер­дік. Әлемдегі жағдай өзгеретінін жә­не­ өмір өз түзетулерін енгізуі мүмкін еке­нін­ түсіне отырып, менің тапсырмам бой­ынша жаңа жағдайдағы біздің орны­мыз­ бен біздің мүмкіндіктерімізді ой еле­гі­нен өткізе отырып жұмыс істейтін жұ­мыс тобы құрылды. Олардың талдау жұ­мыс­та­рын ескере отырып, мен ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жасауды ұсынамын, оның ішінде «2030 Стра­тегиясының» міндеттерін орындау жал­ғасын табатын болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жос­пар­ларымызға түзетулерін енгізетінін нақ­ты түйсінуіміз керек» деді.

Білім беру саласында еңбек етіп жүр­ген­діктен мені «Жолдауда білім туралы не­ айтылды екен?» деген сауал қатты қы­зық­тырды. Бірден айтайық, Елбасы еш­қашан білім, ғылым саласына бей-жай қараған емес. Бұған дейінгі Жолдауларда да­ білім мен ғылымға басымдық беріліп кел­ді. Десек те, биылғы Жолдаудан отан­дық білім беру жүйесін тың реформа­лар­ күтіп тұрғаны аңғарылады. Бұған Пре­зи­ден­ттің «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту, инженерлік білім беру жүйесін дамыту, білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүй­е­сін­ күшейту, білім беру әдістемелерін жаң­ғырту, инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын қолданысқа енгізу және технологиялар трансферті мен ғылым мен бизнестің кооперациясын қалыптастыру қажеттігі туралы тапсырмасы бірден-бір дәлел болып отыр.

Ұлт көшбасшысы қазақстандықтарға арнаған бағдарламалық құжатында жас­тар оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс екенін мегзеп: «Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деді.

Қолайлы жағдай дегеннен шығады, бізде «білім қуамын, ғылыммен айналысамын» деген жандарға жан-жақты мүм­кіндік берілген. Ең бастысы, қолдау үз­діксіз жүріп, жалғасын тауып жатыр.

Алдағы уақытта Президенттің Үкі­мет­ке­ тапсырған тапсырмасы бойын­ша,­ халықаралық үлгідегі куәліктер ұсы­ны­лып,­ инженерлік білім беру мен замана­уи­ техникалық мамандықтар жүйесі да­мы­ты­лады. Жоғары оқу орындары бі­лім­ беру қызметімен ғана шектелмей, қол­дан­балы және ғылыми-зерттеу инс­ти­тут­тарын құруға кіріседі. Сондай-ақ, жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі бі­лім­ беру саласында айрықша көрінетін бо­лады. Көпсатылы оқу гранттары жүйесі әзір­леніп, жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кә­сіп­орындардағы міндетті өндірістік тә­жі­ри­бе заңнамалық тұрғыда бекітіледі. Бұл – Жолдауда атап көрсетілген білім бе­ру саласындағы игі бастамалардың бір бө­лігі ғана.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, Елбасының биылғы Жолдауын Қазақстанды қарыштататын, оның білімі мен ғылымының көкжиегін кеңейтетін, ұлтын зерделі әрі зейінді болуға талпындыратын құжат деп нық сеніммен айтуға болады. Себебі, бұл құжаттың мұраты – мығым, мақсаты – айқын.

Еркебұлан НҰҒЫМАНОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің
директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − six =