Серкебаев пен Коган серуені

Сурет сыры

0 74

1974 жылдың 17-19 мамыр күндері Целиноград қаласының Тың игерушілер сарайында тың игерудің 20 жылдығына орай «Золотой колос» атты республикалық өнер фестивалі өтті. Концерттік бағдарламаға КСРО халық әртістері Роза Бағланова мен Ермек Серкебаев, сол уақытта одаққа танымал музыка ұжымдары қатысты.

Қонақтардың арасында әйгілі дирижер Семен Коган да болды. Музыкант пен Ермек Серкебаев қалада «Мәскеу» қонақ үйінің айналасында серуендеп жүргенде «Акмолинская правда» газетінің фототілшісі Нұрмұхамед Имамов оларды суретке түсіріп алды.Бір айта кетерлігі, биыл Ермек Серкебаевтың туғанына 95 жыл толды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында оның атына көше берілді. Дәлірек айтқанда, жобалық атауы С409 және екінші Алматы көшелері біріктіріліп, әйгілі әншінің атауын иеленді. Роза Бағланова көшесі де елорда картасында пайда болды. Бұл көше Есіл ауданында орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + eleven =