СЕРІК СӘПИЕВ ҮЗДІК АТАНДЫ

0 227

450_51f0cf3e7152a

«Красногорск» халықаралық кинобайқауында «Серік Сәпиев – Олимп жолында» атты деректі фильм жеңімпаз атанды. Осылайша, әлемнің 23 елінен ұсынылған 77 деректі фильм ішінде Қазақ кинотуындысының бағы жанды.

Он екінші рет өткізіліп отырған байқаудың ұйымдастырушылары Серік Сәпиевті «үздік кейіпкер» номинациясына лайық деп таныған. Аталмыш сый-құрмет Вэл Баркер кубогінің иегері, екі дүркін Әлем және Олимпиада чемпионының шеберлігіне берілген шынайы баға. Туындының режиссері Ольга Сапожникова мен Серік Сәпиевті марапаттау рәсімі Мәскеуде өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 8 =