«Сергектің» серпіні күшті

0 26

Елордалық мәслихат депутаттары «Нұр-Сұлтан қаласында фотобейне тіркеу және бейне аналитика аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану» жобасы мен «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау, талдау және болжау жүйесімен танысты.– «Сергек» көмегімен жолдағы қауіпсіздік қатаң бақылауда. Жоба қаншама жол апатын, талай қылмыстарды болдырмау мақсатында тиімділігін көрсетіп келеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 2019 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 18 пайызға төмендеді, жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алудың 25 пайызға (694-тен 521-ге дейін), жолда қайтыс болу оқиғалары 14 пайызға (36-дан 31-ге дейін) және қылмыстың азаюы байқалды. Алдағы уақытта 3000 камераны біріктіру жоспарланған. Жоба жекеменшік-мемлекеттік серіктестік аясында 2023 жылдың соңына дейін жалғасады, – деді Ерлан Каналимов.
Бүгінгі таңда жүйе Нұр-Сұлтан, Өскемен, Атырау және Алматы қалаларында сәтті жұмыс істеуде. Елордада 4000 жалпы бейнебақылау камерасы, қиылыстарда 400 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және желілік учаскелерде 300 камера орнатылып қосылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =