«Сергектік» спартакиадасы

0 90

 «Евразия» спорт кешенінде «Сергектік және денсаулық» атты спартакиада басталды.

Спартакиадаға қатысушылар спорттың 12 түрі бойынша сынға түсуде. Атап айтсақ, стол теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, волейбол, мини-футбол, бильярд, арқан тарту, гир көтеру, армрестлинг, спорттық балық аулау түрі секілді спорт түрлері енгізілген. Осы додаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл жыл сайынғы үрдіске айналған спартак­иада. Сөз арасында, осындай еңбек­­терімен көзге түскендігі үшін Еуразия ұлттық университеті 2012 жылғы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Қызмет көр­сетуші үздік кәсіпорындар» аталымы бойынша лауреаты атанғандығын да айта кетейік.
Спартакиада қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Жанкүйерлерге есік ашық.

 Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + twelve =