СЕРГЕКТІК СЕНБІСІНІҢ ХЭШТЕГІ: #densaulyk2014

0 184

olimp

Мерекеге орай 8-11 сынып оқушылары және орта оқу орындары студенттерінің арасында жүгіруден жарыс өткізіледі. Министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, елшілік қыз­меткерлері, Олимпиада чемпиондары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері мен ниет біл­дірген жандар 1200 метр аралықта жүгіру жарысына қатысады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 100 метр қашықтыққа қол арбамен жүгіруден жарыс, ал 5-10 жастағы балалар арасында «Олимпиада жарысы» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтеді.

Мерекелік спорттық шара­лардың жеңімпаздарына Ұлттық Олимпиада комите­тінің атынан естелік сый­лықтар мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қол қойған сертификаттар табыс­талады.

Олимпиада күні 6 қыр­күйекте сағат 10.00-де Ас­таналық мәдениет және демалыс паркінде салтанатты түрде ашылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + nine =