Сенімді шешім – вакцинация

0 19

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовпен бірге екі қалалық емханада болып, халықты жаппай вакцинациялау жұмысымен танысты.– Мемлекет басшысы атап өткендей, коронавируспен күрестегі жалғыз сенімді шешім – вакцинация. Мұны локдаундардан шығу стратегиясын алдын ала ойластырған елдердің мысалы дәлелдеді. Қазір олардың экономикалары мен азаматтардың күнделікті өмірі пандемиялық қиындықты сезінбейді. Аралау барысында жаппай вакцинациялау процесімен танысып, вакцинацияланған азаматтармен жеке әңгімелестім. Мен баршаңызды өз денсаулығыңызға бейжай қарамауға және үлкендер мен жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге шақырамын, – деп жазды Бақтияр Мәкен өзінің Instagram парақшасында.
Елорда тұрғындарын жаппай вакцинациялау 12 сәуірде басталды. Оның алғашқы күнінде 5 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алды. 640 мыңнан астам азаматты немесе халықтың 60 пайызын жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес қамту жоспарланып отыр. Вакцинация қаланың АМСК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да жүргізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 4 =